Кеше Жоғарғы Сотта Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Іс-шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Парламент Мәжілісі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Рахмет Мұқашев, Жоғарғы Сот судьялары, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының мүшелері, Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьялары мен ардагерлер қатысты.
«Осыдан жиырма жыл бұрын жеті миллионнан астам қазақстандықтар 1995 жылғы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда – қазіргі Конституцияны қабылдау үшін бірауыздан дауыс беріп, өзінің тарихи таңдауын жасаған еді. Осылайша, халқымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы жүзеге асып, тәуелсіз еліміздің жаңа Ата Заңы дүниеге келді. Конституциямыз сол уақыттан бері республикадағы татулығы жарасқан барлық ұлттардың бір шаңырақ астында алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз етуде», – деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы.
Қайрат Мәми бұдан кейін жиынға қатысушыларды Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» атты Ұлт жоспары шеңберінде сот жүйесін реформалау жайынан хабардар етті.
Осыдан соң салтанатты шара басталды. Оның барысында Жоғарғы Сот судьялары мен департамент қызметкерлеріне Елбасы Жарлығына сәйкес «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі, айрықша белгілер, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар тапсырылды, деп хабарлады Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29