24 немере, 24 шөбере сүйген Нұрғазиевтардың нұрлы шаңырағы
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Мерейлі отбасы» байқауы биыл екінші мәрте ұйымдастырылып, жуырда аталған байқаудың өңірлердегі жеңімпаздары белгілі болғаны мәлім. Шығыс өңірінде өткен «Мерейлі отбасы» байқауында үздік үштіктен көрінген әулеттің бірі – Нұрғазиевтар отбасы.
Әулеттің иелері Қиса Нұрғазиұлы мен Сандуғаш Кеңіспайқызы отасқандарына жарты ғасырдан астам уақыт болып, дәлірек айтқанда 52 жыл бойы қол ұстасып, өмірдің үлкен белесінен өткен абзал жандар. Қиса қария осыдан он шақты жыл бұрын өмірден өтсе, Сандуғаш ана сексеннің сеңгірінен асып, бала-шағасының қызығын көріп отыр. Алтайдың баурайындағы Үлкен Нарын ауылында тұрады. Бақытты да барақатты шаңырақтың бастауында тұрған бұл әулеттің анасы бүгінде 11 бала тәрбиелеп, 24 немере, 24 шөбере сүйіп отыр. Сандуғаш Кеңіспайқызы Кеңес Одағының кезінде «Батыр Ана» атағын алса, тәуелсіздік жылдары Елбасының қолы қойылған «Алтын алқа» иегері болды. «Балалы үй базар» дегендей, ішкі істер органдарында 32 жыл бойы еңбек еткен әулеттің әкесі Қиса қанатымен су сепкен қарлығаштай, барлық баланы жалғыз еңбекақысымен ешкімнен кем қылмай, тәрбиелеп жеткізсе, жан жары Сандуғаш күйеуінің қиын да жауапты қызметін абыроймен алаңсыз атқаруына болысып, үйде бала тәрбиесімен айналысты.
Әке-шешеміздің әнге деген әуестігі мен құмарлығы барлық балаларына қонды. Әсіресе, ұлдар әке жолын лайықты жалғастырып, жоғары биіктерді бағындырды. Мәселен, Мұрат Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірді. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды. Әлі күнге табиғат тарту еткен дара дауысымен концерттерде тыңдармандардың құлақ құрышын қандырып келеді. Президент оркестрінің әншісі болып еңбек етті. Подполковник шеніндегі Мұрат қазір құрметті демалыста. Қайрат пен Болат та аға ізімен жүріп, Өскемен қаласындағы музыкалық училищені тәмамдады. Қайрат аудандық мәдениет үйінде 30 жыл жұмыс істеді. Қайраттың жары Дариғаш та, қызы да әнші. Әйелі қазір балабақшада әдіскер болып еңбек етсе, қызы Мәдениет үйінде жұмыс істеп жүр. Тыңдармандары таланттарына бас иеді. Ал Асқар музыкалық білімі болмаса да, ән салғанды айрықша ұнатады. Тіпті, өзі жазған әндері де бар. Ол өзін мемлекеттік қызмет саласында сынап көрді. Ұзақ жыл бойы Өскемен қаласының әкімдігінде еңбек етті. Қала әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі кезде облыстық білім басқармасының жетекшісі болып еңбек етеді. Қыздар да өздерін жақсы қырларынан танытты. Гауһар көптеген жылдар бойы басшылық қызметтер атқарды. Катонқарағай аудандық мәслихатының хатшысы болып еңбек етті, «Зейнетақы қорының еңбек сіңірген қызметкері» атанды. Басқа балалар да өмірден өз жолдарын тапты. Олар бүгінде білім, сауда, телекоммуникация сынды түрлі салаларда еңбек етуде.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Катонқарағай ауданы.

3000 шақырым жол: 76 жастағы ақсақал Ұлытаудан Парижге жаяу барды
Оқиға • Бүгін, 21:50
Жүк ұшақтарын әкелуге 12 жылдық кедендік жеңілдік енгізіледі
Салық • Бүгін, 21:16
Қазақстан джиу-джитсу құрамасы Парижде екінші орын иеленді
Спорт • Бүгін, 20:57
Атырау облысында браконьерлерден 6 тоннадан астам балық тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 20:43
Геннадий Онищенко: Ормұз бұғазы ашылмаса дәрі-дәрмек қымбаттайды
Әлем • Бүгін, 20:16
Ришат Хайбуллин Азия жағажай ойындарында қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 20:00
Аймақтар • Бүгін, 19:34
Астанада 2000 оқушы бір мезетте күй орындап, көпшілікті тәнті етті
Өнер • Бүгін, 19:15
Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК ұйымдарынан шығатынын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 19:02
Дәрігерлер әйелдің аналық безінен 6 кг ісікті алып тастады
Медицина • Бүгін, 18:45
Түркістан облысында әйел туған әкесін «ұлымды зорлады» деп айыптады
Оқиға • Бүгін, 18:20
Өлімге әкелуі мүмкін: Қазақстанның 4 өңірінде аса қауіпті вирус таралып жатыр
Қоғам • Бүгін, 18:04
Астана, Алматы және Шымкент: Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 17:55
Түркістан облысында шибөрі балаларға шабуыл жасаған
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада 12 қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:29