ӨСКЕМЕН. 21 мамыр. Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен ЭКСПО-2015» көрмесі басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған көрме 10 шет мемлекеттен келген меймандарға Қазақстанның энергияның баламалы көздері мен ресурстарды үнемдеудегі ғылыми-техникалық жетістіктері мен әлеуетін көрсетеді. Байқау қортындысы бойынша үздік жоба Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысатын болады.
Биыл екінші мәрте ұйымдастырылып отырған халықаралық көрмеге Ресей, Ұлыбритания, Қытай, ОАР, АҚШ, Жапония, Корея, Польша елдерінің жетекші ғалымдары қатысып, қазақстандық өнертапқыштардың идеяларымен танысады. Олардың арасында Өскемен, Семей, Атырау, Павлодар, Қызылорда және Қарағанды қалаларынан келген ғылым докторлары мен кандидаттары, өнертапқыш ғалымдар, студенттер бар.
«Келешектің энергиясы» жобалар байқауының биылғы ерекшелігі –«OSKEMEN EXPO Junior-2015» атты колледж студенттері мен оқушылар секциясының ашылуы деуге болады. Олар көрмеде өз жұмыстарын көрсетіп қана қоймай, «жасыл» технология саласындағы білімдерін жетілдіріп, уақыттарын тиімді пайдалануды үйренетін болады.
Шығыс Қазақстан елімізде инновациялық даму жағынан жетекші өңірлердің біріне саналады. Соңғы үш жылда облыс көлемінде аталған саладағы белсенді кәсіпорындардың саны 100-ден асып, бір жарым есеге өсті. «Келешектің энергиясы» байқауына 4 аталым бойынша 44 өтініш қабылданды. Атап айтқанда, ұсынылған жобалар «Дәстүрлі энергетикадағы таза технологиялар», «Тау-кен және металлургиялық саладағы «Жасыл» технологиялар», «Өңірдегі туризмнің тұрақты дамуы. Экотуризм» және «Junior – 2015» аталымдары бойынша сынға түседі.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше