ӨСКЕМЕН. 3 шілде. Оңтүстіккореялық Shinhan Finance пен «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Осыған байланысты «Шинхан Финанс» ЖШС мен «БИПЭК АВТО Қазақстан» ЖШС арасында меморандумға қол қойылды. Тараптар сатып алушыларды жаңа автокөліктермен, сатып алудың тиімді шарттарымен қамтамасыз ететін автонесиелендірудің бірлескен бағдарламасын әзірлемек. Азиялық жетекші қаржылық топтардың ауқымды ресурстарына ие несиелік ұйым мен Қазақстанның ірі автохолдингінің серіктестігі отандық сатып алушыларға автонесиелендірудің барынша қолайлы мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады деп күтілуде.
Shinhan Financial Group – Корея Республикасының ірі қаржы холдингі. Топтың құрамында жұмыс атқаратын 12 компания корпоративтік несиелендіру, инвестбанкинг, активтерді басқару, брокерлік және сақтандыру сервисін қоса алғанда, қаржы қызметтерінің толық спектрін ұсынады.
«Жыл басынан бері бізден көлік сатып алған 23 155 қазақстандықтың 60 пайызы банк қарызын пайдаланды. Отандық тұтынушылардың басым бөлігі жаңа автокөлікті несиеге сатып алуда. Сондықтан, 2014 жылы байқалған автонесиелендіру шарттарының қатаңдауы республиканың автокөлік нарығындағы басым факторлардың бірі болып қалады. Еліміздегі тұтынушылық несиесінің қарқыны қысқаруы жалғасуда, ал қызмет көрсетудің орташа мөлшерлемесі 20 пайыздан артық. Shinhan Finance сияқты қаржы институтының Қазақстан нарығына шығуы осындай күрделі кезеңде нарықтың тұрақтануына көмегін тигізеді. Ең бастысы, кәсіпорынның ондаған мың тұтынушылары үшін жаңа автокөлік сатып алуды тиімді етеді және жеңілдетеді», – деді «БИПЭК АВТО» филиалдарын дамыту департаментінің директоры Айдар Меңдібаев.
Думан Анаш.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 03 Шілде, 2015
Шығысқазақстандық автоөндірушілер кореялық қаржы тобымен келісім жасады

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:03
Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Аида Балаева: Жеңіс күні – келер ұрпаққа тағылым беретін қасиетті күн
Қоғам • Бүгін, 10:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 09:27
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:05
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Президент • Кеше