ТАРАЗ. 3 шілде. Облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында Жамбыл облысы ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Тараз Жастар орталығы», Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және «Бір Болашақ» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен «Тараз – нашақорлықсыз қала!» атты акция өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болуы жолдарын қарастырады. Отанымыздың келешегі мен көркеюі өзіміздің қолымызда. Салауатты өмір сүрудің негізі – жаман әдеттерден аулақ болу. Ал салауатты өмір сүруге кері ықпал тигізетін індет – ол нашақорлық» дейді бұл жөнінде Жамбыл облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлжан Иманбекова. ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Василий Дубский: «Қазіргі уақытта нашақорлық мәселесі әлемдік қоғамдастықта өзекті болып қалуда және оның салдары ретінде жастар арасында есірткіні пайдаланумен байланысты ахуал барлық елдер үкіметінің алаңдаушылығын арттырып отыр» деді. Полиция полковнигі нашақорлыққа қарсы күрес мәселесінде белсенді жұмыс атқарғаны үшін ҰҚД «Оңтүстік - Арылу» қоғамдық бірлестігінің басшысы Дәурен Бақжановты ішкі істер министрі, полиция генерал-майоры Қ.Қасымовтың грамотасымен марапаттады. ІІД ЕБҚКБ қызметкерлері де бұл күні олжаға кенелді, білдей бес қызметкеріне ішкі саясат басқармасының алғыс хаты табыс етілді.
Салтанатты шарада ІІД кинология орталығы арнайы даярланған иттердің көрсетілімі шараға шырай бергендей. Акция соңында ұйымдастырушылар әзірлеген концерттік бағдарлама жалғасын тауып, барлық атсалысушыларға «Наркопост» және «Есірткісіз болашақ» атты журналдары тартылды.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 03 Шілде, 2015
«Тараз – нашақорлықсыз қала!» акциясы өтті (фото)

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:03
Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Аида Балаева: Жеңіс күні – келер ұрпаққа тағылым беретін қасиетті күн
Қоғам • Бүгін, 10:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 09:27
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:05
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Президент • Кеше