АСТАНА. 4 шілде. Бейбіт Ыстыбаев – «Қазақстан барысы-2015» турнирінің жеңімпазы! Ол финалда Қызылорда облысының палуаны Руслан Әбдіразақовты жеңді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Финалдық белдесуде қарсыластар бір-бірінің осал тұсын іздеп, негізінен қорғанысқа көп жұмыс істеді. Сылбыр күрескені үшін төрешілер Русланға ескету беріп, Бейбіт бүк ұпайымен алға шыққан. Алайда, Руслан таразы басын теңестірудің амалын тапты. Соңғы сәтке дейін жамбас ұпайын еншілеп үлгерген Бейбіт биылғы доданың жеңімпазы атанды.
Ал жарыстың қола жүлдесі астаналық Ғани Сейділдаевқа бұйырды. Ол қола белбеу үшін болған белдесуде Оңтүстік Қазақстан облысының палуаны Жұманазар Ерсұлтановтан айласын асырды.
Биыл 5-ші рет өткен турнирдің жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрады. Оның 35 мың доллары жаттықтырушыларға тағайындалған.
1-орын – 150 мың АҚШ доллары;
2-орын – 30 мың АҚШ доллары;
3-орын – 10 мың АҚШ доллары.
Бұл жүлдеден бөлек жеңімпаз бен жүлдегерлерге алтын, күміс және қола белбеу табыс етіледі. Сондай-ақ, «Қазақстан барысы» атанған палуан «Алтын тайтұяқпен» марапатталады.
Бейбіт Ыстыбаев 2012 жылы бұл турнирде топ жарғаны белгілі. Яғни, ол осымен «Қазақстан барысы» турнирін екінші мәрте жеңіп отыр.
Жарыс барысымен толық мына жерден таныса аласыздар.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 04 Шілде, 2015
Бейбіт Ыстыбаев – «Қазақстан барысы-2015» турнирінің жеңімпазы!

Елена Рыбакина WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчты сәтті бастады
Спорт • Бүгін, 12:04
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Қоғам • Бүгін, 11:20
Президент Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасын тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 11:03
Астанада «Отан Ана» монументіне гүл шоқтары қойылды
Қазақстан • Бүгін, 10:52
Аида Балаева: Жеңіс күні – келер ұрпаққа тағылым беретін қасиетті күн
Қоғам • Бүгін, 10:40
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 09:27
Доллар, еуро, рубль: Бүгін валюта бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:05
Мемлекет басшысы Мәскеу қаласына барды
Президент • Кеше
Президент Мәскеуге жұмыс сапарымен барады
Президент • Кеше