АСТАНА. 3 сәуір. АҚШ-тың Кентукки штатында «Дженерал электрик» (General Electric) зауытының фабрикасы өртке оранды. Тілсіз жаумен 120 өрт сөндіруші күресуде. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Джефферсон округі өрт сөндіру қызметінің басшысы Кевин Тайлердің айтуынша, әзірге зардап шеккендер жоқ. «Өрттің аумағы өте үлкен. Сондықтан 18 округтен келген өрт сөндіруші бригада жұмыс істеуде», – дейді ол.
Өрт шалған «Дженерал электрик Эплайанс» (GE Appliance) кәсіпорны Луисвилл қаласында орналасқан. Бұл жерде негізінен тұрмыстық техника, шамдар және әртүрлі жарық көздері жасап шығарылады. Фабрикада 6 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
«Өртенген ғимаратта тез тұтанғыш және қуаты күшті заттар, сондай-ақ, зиянды химиялық өнімдер жоқ», – дейді компания өкілі Ким Фриман. Дегенмен, Луисвилл тұрғындары қала аспанын белгісіз химиялық түтіннің торлап алғанын айтуда. Қазір бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқылануда. Тіпті кейбіреулер зауыттан шыққан қою түтіннің адам өміріне аса қауіпті екенін айтып, қорғаныш бетпердесін киіп жүруді ұсынуда.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 03 Сәуір, 2015
АҚШ-та «Дженерал электрик» зауыты өртке оранды (видео)

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше