03 Сәуір, 2015

Назарбаев пен спортшылар топ болып «селфиге» түсті

478 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-04-15-selfi-1

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Оралда өткен «Жастар күшті Қазақстан үшін» форумында белгілі спортшылармен және медиа өкілдерімен бірге тағы бір «селфи» жасады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлады.  

03-04-15-selfi-2

Форум кезінде Елбасымен бірге Майя Манеза, Серік Сәпиев, Сабина Алтынбеков, Нұрлан Қоянбаев «селфиге» түсті. Анықтай түсетініміз, Майя мен Серік сол сәтті өздерінің телефондары арқылы қалт жібермей, қағып алуға ұмтылса, Илья Ильин «селфиді» кәсіби фотоаппараттың көмегімен жасады.

03-04-15-selfi-3

«Мой город» порталы атап өткендей, Нұрсұлтан Назарбаевқа осындай оймен бірінші ұсыныс жасаған Илья болды. Ол: «Нұрсұлтан Әбішұлы, есіңізде бар ма, мен сізге «селфи» деп аталатын суретке бірге түсуді өтініп едім ғой. Мен енді сондай суретті бүкіл еліміздің жастары қатысуымен жасауды ұсынамын», - деді ол. Мемлекет басшысы бұған: «Саған бәрі рұқсат» деп жауап қайтарды. Айта кетейік, бұл - Мемлекет басшысының әлеуметтік желіде жарияланып отырған үшінші «селфиі». Бұдан он айға жуық уақыт бұрын Ақорда баспасөз қызметінің ресми Instagram желісінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Малайзия премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен (ортадағы сурет) «селфиі» жарияланған болатын.