Таяуда Үржар ауданының Науалы ауылындағы балалар үйінде болдық. Бізді қарсы алған Тұрсын Домбалановтың балалар үйінің басшысы болып еңбек еткеніне 30 жыл толыпты. Бастапқыда мектеп ретінде салынған ғимарат 1934 жылы балалар үйіне берілген екен. Тағдыр теперішін тартқан талай баланың топшысын бекітіп, өмірге жолдама берген мекеменің өзіндік ерекше тәлім-тәрбиесі бар. Айталық, басшысынан бастап балалардың баршасы бағбан екенін байқадық.
Балалар үйінің ауласына енген сәтте тап-тұйнақтай таза, жасыл желекпен көмкерілген ерекше эстетикалық көрмеге тап болғандай әсерде қаласыз. Қауыз жарған қызғалдақ пен мамыр гүлдің жұпар иісі мұрын жарады. Жергілікті шеберлердің қолынан шыққан ағаш мүсіндер көз тартарлық. Айнала мәуелі жеміс ағаштары. Ұқыпты қолдан шыққан, тақта-тақтаға дестеленген бақша баршылықтың белгісі іспетті. Мекеме жетекшісінің айтуынша, балалар үйінің ауласында 60 түптен астам жеміс ағашы, оның ішінде алма, алмұрт, алқоры, өрік, шабдалы, шие, жүзімнің түр-түрі өсіріледі. Шілденің орта шенінде жеміс ағаштары алғашқы жемісін төге бастайды екен. Бір ғажап көрініске қайран қалдық. Алма мен алмұрт ағаштары бір тамыр, бір діңнен нәр алып тұр! «Бағбандық деп осыны айт!», дедік таңданысымызды жасырмай. Жолбасшымыз – Үржар ауданы әкімінің орынбасары Серікқазы Сәдуақасов балалар үйіне бет алғанымызда Тұрсын Нүсіпұлының ерекше еңбекқор екенін айтқан болатын. Десе дегендей, осыдан отыз жыл бұрын бұл мекеменің ғимаратынан басқа түгі болмаған екен. Қазір балалар үйінің өзінде 8 ғимарат, отбасылық үлгідегі үй, клуб, монша, жазғы лагерь, саяжай және бірнеше көліктері бар. Мекеме басшысы мұның барлығы мемлекет қамқорлығы мен балалар еңбегінің нәтижесі екенін жеткізді. Мәселен, балалар жылыжайда өздері өсірген қиярды қарашадан бастап, наурызға дейін тұтынады. Одан бөлек, 2 гектардан астам аулада өсірілетін бау-бақша дақылдары – қыстыгүнгі балалардың қорегі. Әр балаға бекітілген бақша телімі бар. Яғни, балалар үйінің тәрбиеленушілері маңдай терлерімен өсірген жеміс-жидектерінің құнын біледі. Бүгінде 52 бала тәрбиеленіп жатқан балалар үйінің Тарбағатай тауының бөктерінде жекеменшік саяжайы бар. Бірнеше жыл бұрын Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильяновтың көмегімен 6 млн. теңгеге сатып алған саяжайда балалар жазғы демалысын өткізеді. Онда ара ұялары бар. Балаларға қыста – 20 грамм, жазда – 30 грамм бал беріледі. Жалпы, Үржар өңірі – алма ағаштары тез өнетін құйқалы жер.
– Мекемемізге облыстық қазынадан қаражат бөлінеді. Десе де, балаларды үнемшілдікке, ысырапшылдыққа жол бермеуге, шаруашылыққа үйретеміз. Балалар жердің әр бөлігін пайдалануды біледі. Өнімдерімізді қоймаларда сақтаймыз, – деді Т.Домбаланов.
Тұрсекең расында жоқтан бар жасауға шебер жан екен. Көне мекеменің бұзылған ғимаратының іргетасының өзін бау-бақша дақылдарының атызы ретінде пайдаланып отыр. Жемістерінің ішінде белградтық тұқымдар, алманың америкалық түрлері кездеседі. Үйме топырақта өсетін өнімнің түсімі мол. Голландтық көгал емес, даладағы саздан ойып әкелінген шыммен төңірек түгел жап-жасыл кейіпке енген.
– Аула әдемі болып тұрса, балалардың көңіл-күйі де жоғары болады. Бұл оларды эстетикаға тәрбиелейді, – деді ол.
Мекеме басшысы отбасылық үлгідегі үйлердің қажеттілігін, ондағы баланың бауырмал болып өсетіндігін айтады. Науалы балалар үйінің отбасылық үлгідегі үйінің тәрбиеленушілері татулығымен, еңбекқорлығымен үнемі үлгі болып келеді. Қазір бұл балалар үйінің түлектері елімізде, шетелдерде жемісті еңбек етуде. Олар түлеп ұшқан ұяларын ешуақытта ұмытқан емес. Мәскеуде жанармай құю бекетін ашып, атауын «Науалы» деп жазған кәсіпкер азаматтар да осы мекеменің түлектері.
Біз қоштасар сәтте, қақпадан бір топ меймандар кіріп келе жатты. Бала-шағаларымен келген қонақтар – Науалы балалар үйінің түлегі Жағыпар Сүлейменов есімді азаматтың өсіп-өнген әулеті болып шықты. Қанат есімді баласы әкелерінің осы балалар үйінде тәрбиеленгенін, Ұлы Отан соғысына қатысып, екі мәрте «Ерлігі үшін» медалімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен марапатталғанын жеткізді.
– Әкеміз Жағыпар Сүлейменов Вася деген досымен бірге Науалы балалар үйінде өскенін үнемі айтып отыратын. Екеуі осы жерде мектеп бітіргеннен кейін, әскерге де бірге аттаныпты. «Біз әскерге барғанда, соғыс басталды. 1941 жылы алғашқы ұрыстардың бірінде қатты жараландым. Сол кезде Вася мені арқалап алып, шепті бұзып өту үшін жанталаса жүгірді. Васяға: «Екеуміз де өлгенше, біріміз тірі қалайық. Мені тастап кет» дедім. Алайда, досым жау қолына қалдырған жоқ. Сөйтіп, екеуміз де тірі қалдық. 1945 жылы Рейхстагқа жеңіс туы тігілгенде, бүкіл кеңестік жауынгерлер аспанға оқ атып тұрған едік. Васяға сол кезде әлдеқайдан атылған оқ тиіп, кенеттен қайтыс болды. Тығылып жатқан фашистер атты ма, әлде басқа ма, білмедік. Жалғыз туысым да, досым да сол еді», деп әкеміз бірге өскен досын бертінге дейін аузынан тастамай айтып, еске алып отырушы еді, – деді Қанат.
Біз Сүлейменовтердің Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, аталары өскен балалар үйіне бағалы сыйлықтар әкеліп, салтанатты түрде табыстағанына куә болдық. Олар ертесіне әкелері мен оның қарулас серіктерінің рухына бағыштап, Таскескен ауылында өткізетін ас пен бәйгені тамашалауға балалар үйінің үздік оқитын оқушыларын сұрап алып жатты. «Жетім көрсең жебей жүр» дейді. Ал тағдыр тәлкегіне түскен кінәсіз бүлдіршіндерді еңбекке баулудың жөні мүлде бөлек. Бірлігі жарасқан бақуатты балалар үйінен мерейленіп шықтық. Өзге ұлт өкілдерінің балалары көптеп тәрбиеленіп жатқан мекеменің жеткіншектері мемлекеттік тілді еркін меңгергендіктерімен де қуантты.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Үржар ауданы.

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30