03 Сәуір, 2015

Парижде супермаркеттен құны 4 млн. еуроны құрайтын есірткі табылды

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-04-2015-narkotic 01АСТАНА. 3 сәуір. Франция астанасы - Париждегі «Ашан» супермаркетінің қоймасынан 80 кг. кокаин табылды. Есірткіні ең алғаш сауда орталығының қызметкерлері байқаған. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Қызметкерлер қоймаға банан алуға келген. Қораптардың бірін ашқан кезде олар белгісіз ұнтаққа тап болған. Жергілікті құқық қорғау органы өкілдерінің айтуынша, супермаркет әкімшілігі бірден полицияға хабарласқан. Қорапты сыртқа алып шыққан полицейлер ұнтақты сараптамаға жіберді. Нәтижесінде, оның есірткі заты, соның ішінде кокаин екені анықталды. Табылған есірткінің жалпы құны шамамен 4 миллион еуроны құрайды. Алдын ала болжам бойынша, бұл тауар Францияға Колумбиядан жеткізілген. Ал азық-түлік дүкеніне қателесіп әкелінуі мүмкін. Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде. Полицейлер ірі көлемде есірткі саудасымен айналысатын қылмыскерлер мен оларға шетелден жеткізіп берушілерді іздеу шараларын бастап кетті. Еламан Қоңыр. Дерек, сурет: РИА «Новости».