АСТАНА. 4 сәуір. Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловтың немересі, еліміздің танымал композиторы Бақытжан Байқадамовтың қызы Айгүл Байқадамованы өзінің үйінің алдында белгісіз біреулер соққыға жығып кетті. Бұл туралы tengrinews.kz хабарлады.
А.Байқадамова: «Мені соқылағандар әлде біреулерден тапсырыс алған. Таяуда ғана мен әлеуметтік желі арқылы «Георгий лентасы» жайлы ашық ойымды білдірген едім. Қашанда турасын айтатын менің пікірім қарсыластарыма ұнамады», – дейді.
Айта кетейік, оқиға 2 сәуір күні, қас қарайған уақытта орын алған. Ауладағы көлік жайдың алдында соққыға жығылған жәбірленушіні сол маңнан өтіп бара жатқан жігіт көріп, көмекке келген. Әлгі жігіт дәрігерлік жедел жәрдем шақырған. Алайда, полицияға хабарласуды Айгүл Байқадамованың өзі жөн санамапты. Бойынан үрей байқалмаған ол: «Мен батырдың ұрпағымын», – дейді.
Полицейлердің айтуынша, қазіргі таңда жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында сот-медициналық сараптама белгіленді.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: tengrinews.kz.
• 04 Сәуір, 2015
Алматыда Панфиловтың немересін белгісіз біреулер соққыға жықты

Отандық шұбат шетелге экспорттала бастады
Экспорт • Кеше
Ақтөбе-Ұлғайсын автожолын жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда жол битумына ішкі сұраныс толық қамтамасыз етілді
Қазақстан • Кеше
5 мың қарағай: Қостанай облысының машина жасаушылары Аманқарағай орманына көшет отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше