АСТАНА. 5 сәуір. Ресейде аса қауіпті қылмыскерлердің бірі, киллер, «Кіші Дрюня» лақап атымен белгілі Андрей Дрюнинді Иркутск қаласының полицейлері мен Забайкалье өлкесіндегі федералды қауіпсіздік қызметі басқармасының өкілдері қолға түсірді. Бұл туралы sibinfo.su хабарлады.
Хабарламада көрсетілгендей, полицейлер Чита қаласының тумасы, 41 жастағы А.Дрюнин Иркутск облысы Октябрь ауданында жасырынып жүргенін естіген екен. Ол осында талайды зар қақсатқан қылмыстық топтың мүшесі болыпты.
Забайкалье ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, аталмыш киллер елдегі ең қауіпті 10 қылмыскердің бірі көрінеді. Оған 10 адамды тапсырыспен өлтірді деген айып тағылып отыр.
Ресей ішкі істер министрлігі Забайкалье өлкелік қылмыстық іздестіру басқармасының басшысы Андрей Москвитиннің сөзіне қарағанда, күдіктіге өте қатігез әрі тез шешім қабылдай білетін қылмыскер деген мінездеме берілген. Полицейлердің айтуынша, А.Дрюнин өзіне құқық қорғау орындары іздеу жариялағанын біле тұра «кәсібін» тоқтатпаған.
Қазіргі таңда күдікті Чита қаласына жеткізіліп, уақытша оқшаулағышына отырғызылған.
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: sibinfo.su.

11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Кеше
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше