Кеше Үкіметте Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия мен Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі бірыңғай үйлестіру кеңесінің бірлескен мәжілісі болып өтті.
Онда қаралған “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының екінші бағытында жүзеге асырылатын 16 жобаны кәсіпкерлерге тапсыру мәселесі жөнінде Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова баяндама жасады. Баяндамашының айтуынша, аталған жобаларды жүзеге асыруға кәсіпкерлік құрылымдар ерекше қызығушылық танытуда. Мұны осы жобаларды жүзеге асыру ісіне қатыссақ деген ниетпен екінші деңгейдегі банктерге 517 тапсырыс жасалғандығынан аңғаруға болады. Соның ішінде жаңа нысандар мен бұрынғы кәсіпорындарды жаңғырту үшін берілетін несиелердің ставкаларын жеңілдетуге бағытталған бірінші бағыт бойынша 16,7 млрд. теңгенің субсидиясына 91 тапсырыс түссе, бизнес секторды сауықтыру жөніндегі екінші бағыт бойынша 174,7 млрд. теңгенің тапсырыстары түскен. Ал экспортқа бағытталатын өнімдер шығаруды қолдауға негізделген үшінші бағыт бойынша беріліп отырған 34,2 млрд. теңгенің 18 тапсырысы жасалынып отыр.
Осы ретте Жанар Айтжанова облыстар арасынан ең көп тапсырыстар Шығыс Қазақстан облысынан келіп түскендігін мәлімдеді. Осы облыс бойынша түскен тапсырыстардың жалпы саны – 74. Олар көбінесе Тұранәлембанк пен Центркредитбанк арқылы жасалынған.
Мұнан кейін келіп түскен тапсырыстардың сапасы туралы әңгіме қозғалды. Осы ретте сөз алған Қаржыгерлер ассоциациясының төрағасы Серік Аханов аталған мәселе жөнінде қаржыгерлер пікіріне қолдау білдірген Үкіметке алғысын айта келе, кәсіпкерлік құрылымдардан тапсырыстың көптеп түсуі “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасын жүзеге асыруда жақсы нышан екендігін, Үкіметтің осынау негізгі жобаларының біріне бизнес қауымдастықтың ерекше ықылас танытып отырғандығын атап көрсетті. Ендігі ең басты мәселе тапсырыстарға байланысты жүргізілетін сараптама ісін сапалы жолға қою болып отыр.
Ал “Атамекен” одағы” Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашев өздерінің жергілікті жерлерде болып, кәсіпкерлік құрылымдарға берілетін нысандарды байқап көргендіктерін, оларды жүзеге асыруға кәсіпкерлердің ерекше құлшынысты екендігін айтты.
Әрине, екінші деңгейдегі банктер “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын жобаларды қаржыландыруды бастарда кәсіпкерлерден түскен ұсынысты өз беттері бойынша барынша зерттеп, оған несиені беруге бола ма, болмай ма деген мәселені нақты шешуге ұмтылатындығы анық. Сондықтан отырыста егер кәсіпкердің тапсырысын банк қолдап отырса, оған сенім артуға болады деген пікірлер де айтылды.
Мұнан кейін “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасының жалпы жүзеге асу барысы қаралды. Осы мәселе бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова осы бағдарлама бойынша қаржы бөлудің бұрынғы жасалған талаптарына өзгерістер енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасады. Соның бірі – бір бизнес жобаға берілетін несие қаржының көлемін 3 миллиард теңгеден асырмау. Осы ретте Жанар Айтжанова аталған талап орындалған жағдайда “Жол картасы” бойынша қаржы көптеген кәсіпкерлерге тиетіндігін айтты. Сондай-ақ, ереже бойынша елді мекендердегі нысандарға қаржы бөлу үшін сол елді мекенді дамытудың бас жоспары болуы қажет деген талап ауырлау тиіп тұрған сияқты. Өйткені, мұндай жағдайда бас жоспары әзір болмаған елді мекен бағдарлама аясынан сыртқары қалып қоймақ. Экономикалық даму және сауда министрі, міне, осындай бірнеше ұсыныс жасады.
Бірлескен отырысты Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов қорытындылады.
Сұңғат ӘЛІПБАЙ.
• 30 Шілде, 2010
“Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасына кәсіпкерлердің құлшынысы зор

Сәтбаевта қалың қар жауды: Жол тазалауға қанша техника жұмылдырылды?
Аймақтар • Бүгін, 16:54
«Air Astana» Алматыдан Бакуге рейстер санын арттырады
Қоғам • Бүгін, 16:45
Қазақстан мен Беларусь медицина қызметкерлерін бірлесіп оқытады
Медицина • Бүгін, 16:32
MNU профессорлары жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:28
Алматыда бұрынғы жұбайының ізіне түскен сталкерге үкім шықты
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:22
Парламентаризм институты жаңа Конституция жобасын қолдады
Қоғам • Бүгін, 16:10
ЕҰУ академиялық қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 16:04
Сарапшылар: Жаңа Конституция жобасы мемлекеттік жүйенің орнықтылығын арттырады
Ата заң • Бүгін, 15:55
Жамбыл облысында автобус пен көлік соқтығысып, жолаушы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:48
Kaspi Gold карталарынан ақша неге жоғалып жатыр?
Оқиға • Бүгін, 15:32
Қостанайдағы ішімдіктен бас тартқан ауылда 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Қоғам • Бүгін, 15:23
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 15:00
13 ақпанға дейін жол жабық: Қай өңірлерде қозғалысқа шектеу қойылды?
Ауа райы • Бүгін, 14:53
Түркістан облысында танысына оқ атқан күдікті ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:32
Замира Кузиева: Ата заң азаматтар үшін тұрақтылықты қамтамасыз етеді
Қоғам • Бүгін, 14:13