ҚОСТАНАЙ. Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігінің ұжымы республикада алғашқылардың бірі болып, жетекші партияның ХҮІ съезінің Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ұсынған шешімін қолдап, жиналыс өткізді. Оған партияның бастауыш ұйымының 500 мүшесі қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жиналыс «Нұр Отан» партиясының Астанада өткен ХҮІ съезінің жалғасы іспетті әсер қалдырды. Съезге қатысқан облыс делегацясының құрамында «Нұр Отан» партиясы «ССКӨБ» аудандық филиалы төрағасының орынбасары Александр Макаренко да болатын. Ол жиналыста осы сапардан алған әсерімен бөлісті, съезд шешімінің дұрыстығын айтты. Оның пікірін «ССКӨБ» акционерлік қоғамының президенті Береке Мұхаметқалиев жалғастырды. Береке Мұхаметқалиев: «Елбасының «Нұр Отан» партиясы атынан Қазақстан Республикасының Президент сайлауына қатысу туралы шешімі – еліміздің жарқын болашаққа деген сенімді қадамы. 1993 жылы менің Елбасымен алғаш рет кездесуімнің сәті түсті. Сол кездесу басқалар секілді менің санамда да жарқын із қалдырды. Нұрсұлтан Назарбаев – көреген және кемеңгер саясаткер. Оның бойында көшбасшыға тән қасиеттің барлығы табылады. Қазақстанды әлемдегі мойыны озық 30 елдің қатарына қосуға бағыттау оның көрегендігі» деді. Кен алыбының жетекшісі 26 сәуірде болатын сайлауға қатысуда өндіріс ұжымының жоғары белсенділік танытатынына сенім білдірді.
Жиналыста «Нұр Отан» партиясы ХҮІ съезінің делегаты, Жөндеу-механикалық зауытындағы жастармен жұмыс жөніндегі нұсқаушы Руслан Карташев, Кен байыту фабрикасы ұсату учаскесінің ауысым шебері Совет Тұрынбетов, Кен темір жол көлігі басқармасының тепловоз машинисі Владислав Денисов, Қосалқы өндіріс және қойма шаруашылығы цехының шебері Андрей Морозов, Жол шаруашылығы және құрылыс басқармасының ауысым бастығы Талғат Сағимолдин сөйлеп, съезд шешімін қолдайтындығын және алдағы сайлауға қатысуға дайын екендігін айтты.
«ССКӨБ» акционерлік қоғамы кәсіподақ комитетінің төрайымы, облыстық мәслихаттың депутаты Татьяна Шерстобитова жиналысты қорытындылады. Татьяна Николаевна: «Біздің жиналысымыз партия съезінің жалғасы десем артық емес. Өйткені біздің ойымыз бір жерден шығады, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарғандай, барлығымыз да біздің кәсіпорынның ырғақты жұмыс істеуіне көп қамқорлық жасаған Елбасының саясатын қолдаймыз. Жақында өтетін сайлауға бір кісідей қатысу – біздің парызымыз» деді.
Жиналыс қабылдаған қарарында: «Соколов-кен өндіру бірлестігі –Қазақстандағы ірі кәсіпорынның бірегейі, онда 19 мың адам жұмыс істейді. Бұл еліміздегі индустриялық-инновциялық даму мемлекеттік бағдарламасының арқасында мүмкін болды. Қоғамда көптеген жағымды өзгерістердің болып жатқаны білінеді. Қазақстан Орта Азиядағы экономикасы жақсы дамып отырған бірден бір мемлекет. «ССКӨБ» акционерлік қоғамының еңбек ұжымы «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасы Президенттігіне ұсыну туралы шешімді толық қолдайды» деп жазды.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек: egemen.kz
Сурет: egemen.kz
• 13 Наурыз, 2015
Қостанайлық кеншілер партия шешімін қолдап, жиналыс өткізді

Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25