(Қазақстан халқына Жолдауынан).
Құрметті қазақстандықтар! Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесі 3 тамызда тарихи шешім қабылдады. Мүше елдердің ортақ ұйғарымы бойынша осы жылдың 1-2 желтоқсан күндері Астанада мәртебелі ұйымның Саммиті өтеді. Бұл тарихи шешім – қазақстандық толайым табыстардың абыройлы айғағы! Бүгінде Қазақстан ғаламдық қауіпсіздіктің ұйытқысына, татулық пен тұрақтылықтың кепіліне, бейбітшіліктің берекелі белдеуіне айналды. Төрткүл дүниеге төрелік айтқан Қазақ елі Азия және ТМД мемлекеттері арасында тұңғыш рет беделді ұйымның Саммитін өткізеді. Қазақ елі бұрын-соңды мұндай биікке жеткен емес. Баршаңыз білесіздер, беделді ұйымның алқалы жиыны 11 жылдан бері өтпеген еді. Қазіргідей күрделі кезеңде бәтуалы басқосу – ұйым үшін де аса маңызды оқиға болып саналады. Саммит өткізуді қазақстандық төрағалықтың басты басымдығы ретінде менің ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесіне қаңтар айында жасаған бейне-үндеуімде атап айтқаным мәлім. Қабылданған шешім Қазақстан халқының Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген табыстарына халықаралық қоғамдастықтың жоғары құрметінің белгісі болып табылады. Біз бұдан біздің еліміздің ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы Төрағасы қызметіндегі күш-жігеріне кең ауқымды қолдауды көреміз. Ұйымды басқара отырып, Қазақстан еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бүгінде құрлықтық шеңбер ауқымынан асып кеткен деген тезисті белсенді түрде ұсынумен келеді. Соның нәтижесіндей, бүгіннің өзінде-ақ халықаралық қоғамдастық еуроатлантикалық және еуразиялық қауіпсіздік категорияларын пайдалануда. ЕҚЫҰ төрағалығына кірісе отырып, біз Ұйымның жаңа қауіп-қатерлерге, бірінші кезекте, терроризм мен есірткі тасымалына қарсы тұрудағы рөлін нығайту жөніндегі өз ниетімізді мәлімдеген болатынбыз. Осыған байланысты біз Ауғанстандағы жағдайды бейбіт реттеу жөніндегі күш-жігердің белсенділігін арттыруды қазақстандық негізгі басымдықтардың бірі ретінде ұсындық. Біз ЕҚЫҰ бойынша әріптестеріміздің назарын Орталық Азиядағы қауіпсіздік проблемаларына аударуға ұмтылған кезде, ешкім де Қырғызстандағы терең саяси дағдарысқа болжау жасай алған жоқ. Осы елде орын алған қайғылы оқиғалар кең көлемді өңірдің тұрақтылығы үшін нағыз ескерту белгісіне айналды. Ол ЕҚЫҰ, басқа да халықаралық ұйымдар мен бүкіл әлем жұртшылығы тарапынан тиімді шаралар қабылдауды талап етті. Біз экономикалық қызметтестікті дамытудағы, экологиялық проблемаларды, әсіресе Арал проблемасын шешудегі ЕҚЫҰ-ның рөлін күшейту мақсатын қойдық. Бізге Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте барлық үш өлшемде де сақталып отырған және жаңадан туындайтын қатерлерге қатысты бірлескен қадамдарды қалыптастыру міндеті тұр. Астана Саммиті стратегиялық бағыттар мен ЕҚЫҰ дамуының “жол картасын” белгілеп беруді көздейді. Астанада ЕҚЫҰ Саммитін өткізу туралы шешімнің тарихи күнге сәйкес келуінің терең символдық мәні бар деп есептеймін. Осыдан 35 жыл бұрын, 1975 жылдың 1 тамызында Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылды. Жоғары дәрежелі кездесудің біздің Ұйымды қазіргі өмір шындығына бейімдеуге жағдай жасайтынына сенімім мол. Ол әлем жұртшылығына ЕҚЫҰ-ның “Хельсинкиден Астанаға дейінгі” табысты эволюциясын паш ететін болады. Астанада халықаралық өмірдегі ең басты саяси оқиғалардың бірін өткізу фактісі біздің еліміздің әлем алдындағы беделін көтеріп қана қоймайды. Астана саммиті Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және демократиялық дамуына серпін беріп, қазақстандықтардың бірлігі мен патриотизмін бұрынғыдан бетер нығайта түсетін болады. Ендігі жерде оны дайындау мен ең жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізуді қамтамасыз етудің маңызы зор. Біз үшін біздің қоғамымыздың – толеранттылық, дәстүрлерді құрметтеу, сенім мен өзара түсіністік тәрізді басты құндылықтарын паш етудің таңғажайып мүмкіндігі тұр. Құрметті қазақстандықтар! Бұл шешім біздің бағыт-бағдарымыз бен ұстанған жолымыздың дұрыс екенін тағы бір мәрте дәлелдеп берді. Сонымен қатар, мәртебелі ұйымның Саммитін өткізу – баршамызға абыройлы міндет пен ерекше жауапкершілік жүктейді. Ендеше, осы жолда баршаңызға мол табыс тілеймін!Президент Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді
Президент • Кеше
Қандыағашта жалған блогер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Даудың басы – Дональд Трамптың доллары
Саясат • Кеше
Асханасы жоқ мектептің оқушылары қалай тамақтанады
Мектеп • Кеше
Астанадағы тағы бір көше уақытша жабылады
Оқиға • Кеше
Қазақстанда ипотека мөлшерлемесі төмендетілді
Ипотека • Кеше
Нұрлан Алдамжаров жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
ҰБТ кезінде 208 түлек ереже бұзған
Білім • Кеше
Астанаға LRT-ның алғашқы екі құрамы жеткізілді
Оқиға • Кеше
Өткен аптадағы спорттық жетістіктер
Спорт • Кеше
Павлодарда банкеттен кейін жаппай улану тіркелді
Мәселе • Кеше
Мейіргер ұшақ бортында адам өмірін сақтап қалды
Денсаулық • Кеше
Ақтөбеде әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді
Айбын • Кеше
ШҚО-да орманда жоғалған зейнеткер табылды
Аймақтар • Кеше
Белгілі публицист Мақсот Ізімұлы көз жұмды
Қоғам • Кеше
Экология • Кеше
Елордада София атты көше ашылады
Оқиға • Кеше
Үстел теннисінен Косоводағы турнир аяқталды
Спорт • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Румен Радев БАҚ өкілдері алдында сөз сөйледі
Президент • Кеше
Қазақстан - Болгария арасында 5 меморандумға қол қойылды
Президент • Кеше
Қазақстан Болгарияға уран жеткізуге мүдделі
Өндіріс • Кеше
Қазақстанның шикізат нарығындағы позициясы нығайып келеді
Экономика • Кеше
Үш елдің фитосанитариялық қызметтері күш біріктіреді
Қазақстан • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Президентімен келіссөз жүргізді
Президент • Кеше
Волейболшы қыздардың жеңіс жолы жалғасты
Спорт • Кеше
Мемлекет басшысы Болгария Президентін Ақордада қарсы алды
Президент • Кеше
Батыржан Хасеновті еске алуға арналған турнир өтті
Спорт • Кеше