Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Оралда самбодан әлемдік деңгейдегі дода осымен үшінші рет ұйымдастырылып отырғандығын, жалпы қазақ самбосы тарихында жүздеген Ақ Жайық спортшыларының есімдері алтын әріптермен жазылғандығын, солардың ішінен әлем чемпиондары Асқар Шайхиев, Қоныс Жетпісов, Ерболат Байбатыров есімдерінің ел жадына әбден сіңісті болғандығын баса айтты. Орал самбосын дамытуға ерен еңбек сіңірген Батыр Қуанышев, Қамеш Исмағұлов, Мүсілім Оңдағанов, Нұрлан Қауметов секілді бапкерлердің атына осы кеште біраз жылы сөз естідік.
Екі күнге созылып, үш кілемде өткен белдесулер ешқандай тосын сый әкеле қойған жоқ. Тоғыз салмақтың бесеуінде қазақ өрендері бас бәйгені жеңіп алды. Бір әттеген-айы ауыр салмақтарда тәжіктер топ жарды. Ең тартысты бәсеке 57 кило салмақта оралдық балуандар, екі дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров пен Асхат Шайхиев арасында өрбіді. Бір залда жаттығатын сыралғы қос қарсылас аңдысып ұзақ жүрді. Ақыры белдесу бітуге аз қалған уақытта бір ұпай алып үлгерген әлем чемпионының мерейі үстем болды. Атақты самбошы Асқар Шайхиевтің ұлы Асхат болса өзінің болашағы зор екендігін көрсетті.
Жарыстың жабылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ноғаев турнирдің аса жоғары деңгейде өткендігін атап өтіп, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді қызу құттықтады. “Күш атасын танымас”, дегенмен бұл жарыста жеңілгендер жоқ, бәріңіз де жеңімпазсыздар”, деді Нұрлан Асқарұлы.
Керей Қойшыбек, Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы:
– Бүгінгі байрақты бәсеке алдағы әлем чемпионаты қарсаңында шама-шарқымызды көрсететін өте жауапты сын. Дүниежүзілік дода 7-11 қарашада Ташкентте өтеді. Орал кілемінде командалық бас бәйгемен қатар балуандарымыздың бабын байқадық. Жетпей тұрған, олқы түскен тұстарымызды, тактикалық, психологиялық даярлығымызды тағы бір пысықтап алдық. Құрамадағы екі дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров, әлем чемпионы Дәурен Жайнақов секілді тәжірибелі самбошыларға соңғы жылдары қосылған жас буынның аяқ алысы қуантады. Олардың есімдері әзірге көпшілікке танымал емес, алайда әлем чемпионатында жаңа жұлдыздар пайда боларына сенімдімін.
Жалпыкомандалық есепте бас бәйгені Қазақстан құрамасы жеңіп алса, екінші орынға тәжіктер, үшінші орынға грузиндер табан тіреді.
Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, журналист.
Темір ҚҰСАЙЫН, Орал.

Қазақстан мұнай-газ саласындағы геологиялық барлауды жандандырады
Президент • Бүгін, 14:33
«Қостанай жастары» бағдарламасымен 344 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Бүгін, 14:28
Қазақтың ою-өрнегі ИСЕСКО-ның мұралар тізіміне енді
Өнер • Бүгін, 14:12
Алматыда Халықтық Конституцияны қолдайтын қалалық коалицияның алғашқы отырысы өтеді
Ата заң • Бүгін, 13:57
Абат Айымбетов румыниялық клубқа ауысты
Футбол • Бүгін, 13:20
Елде тіркелген SIM-карта халық санынан көп: Бір адамға бірнеше нөмір не үшін керек?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Наурыз мерекесі қарсаңында қосымша пойыздар қатынайды
Қоғам • Бүгін, 13:00
Кедендік баж төлеудің мерзімі мен тәртібі қандай?
Қоғам • Бүгін, 12:55
Түркістанда инвесторларға қатысты негізсіз тексерулер тоқтатылды
Инвестиция • Бүгін, 12:50
Ерлан Қарин Ата заңның басты ерекшелігін атады
Ата заң • Бүгін, 12:42
Сарапшы: Ата заң асығыс жазылған жоқ
Ата заң • Бүгін, 12:35
Әдебиет оқырмансыз өмір сүре ала ма?
Әдебиет • Бүгін, 12:32
Жасанды интеллект мұғалімнің жұмысын қалай жеңілдетеді?
Білім • Бүгін, 12:20