БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Фитосанитариялық, ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздік, асыл тұқымды мал шаруашылығы, астық, мақта нарығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қантардағы Заңының 38-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес фитосанитариялық қауіпсіздік саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тәуекелдік дәрежесін бағалау өлшемдері; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес астық, мақта нарығы және тұқым шаруашылығы салаларындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (С.И.Сүлейменов) қамтамасыз етсін: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркеуден өткен соң ресми жариялауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы Е.И. Аманға жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 қантарына дейін қолданылады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А. Күрішбаев Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және Сауда министрі Ж.Айтжанова ТОЛЫҚ МӘТІН Бірлескен бұйрық219-25-21.08.2010Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28
Маңғыстауда жаңа Конституцияның негізгі бағыттары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 15:18
Әрбір оныншы сынамадан ауытқу анықталды: Алматыда ауа сапасы нашарлап бара ма?
Экология • Бүгін, 15:03
Қырғызстан президенті Тәшиевті неліктен қызметтен алғанын түсіндірді
Әлем • Бүгін, 15:00
Bloomberg-тен CNN-ге дейін: Әлемдік БАҚ Алматыны үздік 25 қаланың қатарына қосты
Туризм • Бүгін, 14:54
«ҚазМұнайГаз» компаниясы геологиялық барлау жүргізуге ерекше ден қойды
Президент • Бүгін, 14:33