Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Соған орай Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылының дайындық шараларына аса мән беріп, олардың сапалы әрі нәтижелі орындалуына ерекше ден қойып отыр десек, Білім және ғылым министрлігінде айтарлықтай мәні зор екі басқосу өткізілді. Еліміздегі мектеп оқушыларының бірыңғай формалары мен нашақорлыққа қарсы күресте аталмыш ведомствоның ықпалы және міндеттері осы басқосуларда талқыланды.
Алдымен Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың қатысуымен нашақорлыққа қарсы ІІ халықаралық семинар-форум өтті.
Онда министр жас ұрпақтың денсаулығына назар аудару мәселесін және жастар ортасында нашақорлыққа қарсы жұмыс барысын семинар-форумға қатысушыларға таныстыра келе, бұл бағыттағы жұмыстарды бірлесе атқару керектігіне тоқталды.
“Еліміздің барлық оқу ордаларында есірткіге қарсы шараларды жүзеге асыратын, насихаттау жұмыстарымен жан-жақты айналысатын қызметтік ұйымдар болады. Мұндай бағыттағы қызметтер саламатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, дені сау ұлтты тәрбиелеп, қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар бәріміз үшін халықаралық тәжірибелерді қолданудың да берері көп. Бұл ортақ міндетке, әрине, нашақорлықтың алдын-алу және тәуелділікті жою үшін мамандар даярлау керек” –деді министр өз сөзінде.
Семинар-форумға қатысушылар да өз пікірлерін ортаға салды. Мәселен, Халықаралық саламаттық академиясының президенті Александр Маюров есірткімен күресу қоғамның барлық саласын қамтитын әлеуметтік мәселе екенін, сол себепті де оған қоғамның барлық мүшесі атсалысуы қажеттігін тілге тиек етті.
Онлайн режімінде өткізілген “Мектеп формасы және Қазақстан педагогтарының қазіргі заман киім үлгісі” атты республикалық семинар-кеңеске облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшылары, балалар киімдерін шығаратын өндірушілер, ұстаздар және ата-аналар қауымы қатысты. Бұл жиында негізінен оқушыларға арналған мектеп формаларының, спорттық киімдердің, жалпы білім беретін мектептердегі педагог қызметкерлерге арналған киім үлгілері мен бағалары туралы сөз болды.
Республиканың әр өңірінен 700-ден астам білім беру ұйымдары қатысқан интерактивті форум барысында Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарының және Алматы қаласының мектеп формасын енгізу жөніндегі тәжірибелер таныстырылды.
Семинар-кеңесте сөйлеген мамандардың сөзіне қарағанда Қазақстан бойынша мектеп формаларының орташа бағасы 11 мың мен 24 мыңның аралығында көрінеді. Әрине, 24 мыңнан 40 мыңға дейін тұратын үлгілер де бар екен. Бір айта кететін жайт, бүгінгі күні елдің 9 аймағында оқушылар бірыңғай мектеп формасына ауысыпты. Ал Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облыстарында бірінші сынып табалдырығын аттаған оқушылар жергілікті бюджет есебінен киінеді екен. Ал жалпы Қазақстан нарығында балалар киімдерін шығаратын 14 өндіруші бар көрінеді.
Сондай-ақ министрлік өкілінің айтуынша, биылғы оқу жылынан бастап Қызылорда облысындағы бүтін бір аудан өз қаражаттары есебінен мұғалімдерге де бірыңғай киім киіндірмек. Білім және ғылым министрлігі 12-15 мың теңге аралығында бағаланып отырған мұғалімдердің киім үлгілерін бірте-бірте барлық өңірлерге енгізуді көздеп отыр.
Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.

Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Технология • Бүгін, 17:00
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28