Білім және ғылым министрлігінің тәрбие ісі және жастар саясаты департаменті еліміздің жастары мен жастар ұйымдарын, сонымен бірге жұртшылықты биылғы 12 тамыздан 2011 жылдың 12 тамызына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы жариялаған Халықаралық жастар жылын өткізуге үндейді. Халықаралық жастар жылының негізгі тақырыбы “Сұхбат және өзара түсіністік” деп аталады. Халықаралық жастар күні сонымен қатар халықаралық жастар жылының басы болып есептеледі. Мұндай жобаны қабылдауға жастарға ерекше көңіл аударуды қажет ететін әлеуметтік-экономикалық ахуал негіз болып отыр. Әлемдік экономикалық және қаржы дағдарысы көптеген жастардың әл-ауқатына кері әсерін тигізбей қоймады, олардың тең жартысы жұмыссыздар қатарына еніп, қажетті білім алу мүмкіндігінен айырылды. Осы орайда, экономиканың қайта құрылуы және тұрақтануы кезінде жастарға ерекше көмек қолын созып, қолдау көрсету аса қажет. Халықаралық жастар жылының басты мақсаты – әлем мұраттарының серпінді ілгері басуы, бостандық, ынтымақтастық сияқты идеялар мен жастар құқықтарының іске асуына кепілдік беру және интеллектуалды әлеуетіне жәрдемдесу болып табылады. Осыған байланысты, Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамындағы мемлекеттер бұл шараға ерекше көңіл бөліп, осы жыл аясында жастарды қоғамдық қозғалыстарға белсенді түрде тарту арқылы бұқаралық іс-шараларды өткізу қажет деп тауып отыр. Сонымен қатар Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттерге, бүкіләлемдік әрекеттер бағдарламасының басты қағидалары негізінде, жастар саясаты өрісіндегі бағдарламалар мен саяси көзқарастарды қайта қарауды ұсынып отыр. Халықаралық жастар жылы Нью-Йорк қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде іс-шаралардан бастау алмақ. Мерекені Біріккен Ұлттар Ұйымының жастар тақырыбындағы конференциясы қорытындылайды. БҰҰ-ның классификациясы бойынша 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтар жастар санатына жатады. Бүгінде ол – 1,2 млрд. адам, яғни әлем ел-жұртының 18 пайызын құрайды. Алғашқы халықаралық жастар жылы 1985 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы шешімімен қабылданған болатын. 1995 жылы Бас Ассамблея жас ұрпақтың өмірін жақсарту мақсатында, әлемдік қоғамдастық қолдауымен жеке мемлекеттердің саяси негіздері мен қызмет принциптерін бекіткен бүкіләлемдік әрекеттер бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама 15 бағыттан тұрады (білім, жұмыспен, қамту, аштық пен қайыршылық, денсаулық, қоршаған орта, есірткі қолданудың алдын алу, балалар қылмыстық ісі, бос уақыт пен демалыс, жаһандану, СПИД және т.б.). Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жұмыстарына жастардың қатысуы олардың, жастар ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен бизнес және коммерциялық секторлардың, ұлттық компаниялар мен түрлі холдинг арасындағы әлеуметтік серіктестікті жақсарту үшін жүзеге асырылады. Бүгінгі күнде ел тұрғындарының 29 %-ы жастар десек, ауыл жастары елдегі жалпы жастар санының 48 %-ын құрайды. Жастар саясатының салалық және аймақтық бағдарламаларын іске асыру аясында мемлекеттің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатыстыруға барлық жағдайлар жасалған, олармен жұмыс жасау тұрғысында жаңа қағида үлгілері енгізілген. Білім және ғылым министрлігі Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті халықаралық жастар жылында барша Қазақстан жастарын өздерінің шығармашылық ынталарын іске асыруға, қоғамның нығаюына бағытталған саяси және әлеуметтік мәнді іс-шаралар өткізуге, қайырымдылық мен ұлттық бірлік идеяларын бекемдеуге және әлемдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға шақырады. “Егемен-ақпарат”.
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35
Елімізде қызылшаға қарсы вакцинация науқаны тоқтады ма?
Медицина • Бүгін, 17:18
Қайтарылған активтер: Маңғыстау облысында жаңа медициналық мекеме салынды
Қоғам • Бүгін, 17:15
Бейжің тәжірибесі Қазақстанға көмектесе ме? 11 қаланың ауасы неге әлі де лас?
Қазақстан • Бүгін, 17:04
Алматылық ғалымдар өндіріс қалдықтарынан құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр
Технология • Бүгін, 17:00
Астаналық құтқарушылар көпірден секірмек болған ер адамды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:50
Шымкентте Конституциялық референдумды қолдау коалициясы іске кірісті
Ата заң • Бүгін, 16:41
2026 жылы 20-дан астам мұнай-газ учаскесі сатылымға шығады
Экономика • Бүгін, 16:22
Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бақылайтын онлайн-карта іске қосылды
Медицина • Бүгін, 16:17
Мектептерде есеп беру үшін өткізілетін форумдар мен жиындар саны қысқарады
Мектеп • Бүгін, 16:08
Түркістан облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 16:00
Алматыда жаңа Конституцияның мәні мен референдум алдындағы міндеттер талқыланды
Саясат • Бүгін, 15:55
Түркістан облысының өкілі Жапониядағы ХХ Азия ойындарында төрелік етеді
Спорт • Бүгін, 15:52
Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Медицина • Бүгін, 15:38
Болжамдар нақтылана түспек: «Қазгидромет» суперкомпьютерді пайдалана бастады
Қоғам • Бүгін, 15:28