Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі өтіп, онда еліміздегі стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі мен өмірлік қамтамасыз ету нысандарының жағдайы мәселелері қаралды.
Аталған тақырып бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Н.Әбіқаев баяндама жасады.
Мемлекет басшысы отырысқа қатысушылардың назарын өнеркәсіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты шаралар қабылдау, алдын алу іс-шараларын жүргізу, осы саладағы нормативтік базаны жетілдіру қажеттігі жайына аударды.
Президент Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жетілдіруді қарастыратын таяуда жарық көрген Жарлықтарға сәйкес, құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру және бақылау функциясын, соның ішінде, стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігін орындауы қажеттігін атап көрсетті.
Содан кейін мемлекет пен даму институттары қатысатын қорлардың қызметіне, Қазақстан экономикасын нығайтуға, банк секторын тұрақтандыруды қолдауға, әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған мемлекеттік қаражатты пайдалануға байланысты мәселелер қаралды.
“Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры” АҚ басқарма төрағасы Қ.Келімбетов өз баяндамасын осы тақырыпқа арнады.
Мемлекеттің қатысуымен құрылған жекелеген қорларға жүргізілген тексерістің қорытындысы туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаев мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев, талқылауды қорыта келе, мемлекет қорларға, холдингтер мен даму институттарына өте үлкен қаржы бөлгенін, сондықтан осы ұйымдардың қызметінің тиімділігіне мониторинг жүргізуді және бақылау жасауды қамтамасыз ету қажеттігін ерекше атап көрсетті.
Аталған мәселені талқылаудың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Үкіметке, сот, құқық қорғау және өзге мүдделі мемлекеттік органдарға алдыға қойылған міндеттерді іске асыру жөніндегі қажетті шараларды жүзеге асыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы тапсырманың орындалуын бақылауды Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығына жүктеді.
• 09 Қазан, 2010
Стратегиялық нысандардың қауіпсіздігі басты назарда

Жекпе-жек федерациясының негізін қалаушы Сабыржан Махметов өмірден озды
Оқиға • Бүгін, 10:45
Жетісуда азық-түлік дүкенінде жарылыс болып, үш адам жараланды
Қоғам • Бүгін, 10:38
Байланыс операторларына қайтарымсыз үлестік грант беріледі
Аймақтар • Бүгін, 10:32
Майқайың кентіндегі үйлердің бірінен екі адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Бүгін, 10:25
Алматыда ұлттық ою-өрнек дәстүріне арналған көрме ашылды
Өнер • Бүгін, 10:11
Биыл 90 жаңа мектеп салынады: Қай өңірлерде үш ауысымды мектептер мәселесі шешіледі?
Білім • Бүгін, 10:01
Қай тасжолдарда қозғалыс шектелді?
Ауа райы • Бүгін, 09:50
Тараздағы тасқын қаупі: ТЖМ мен әкімдік шұғыл іске кірісті
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 09:38
Қазақстанның бірқатар облыстарында дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:28
Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз қай спорт түрлері бойынша сынға түседі?
Қысқы спорт • Бүгін, 09:10
Қаржы • Бүгін, 09:05