БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
“Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі №112-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы №148 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы “Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес бұйырамыз: 1. “Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 112-НҚ және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2006 жылғы 10 мамырдағы № 148 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4244 нөмірімен тіркелген, 2006 жылғы 16 маусымдағы № 109-110 “Заң газеті” газетінде жарияланған) мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: кіріспеде “Табиғи монополиялар” деген сөздерден кейін “мен реттелетін нарықтар” деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақтағы “энергетика және минералдық ресурстар” деген сөздер “мұнай және газ” деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) тарату құбыр жолдары арқылы тасымалдау, газ тарату қондырғыларын және олармен байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтермен (тауарлармен, жұмыстармен) технологиялық байланысты қызмет түрлерінің тізбесінде: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: “1. Бөгде ұйымдарға тиесілі магистральдық газ құбырлары және олардағы құрылыстарды пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету және диспетчерлеу.”; 2-тармақ “газ құбырларын” деген сөзден кейін “және олардағы құрылыстарды” деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақ “жобалау” деген сөзден кейін “, құрылыс жобаларын келісу, салу” деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 13-21-тармақтармен толықтырылсын: “13. Пісірілген қосылыстардың сапасын бақылау. 14. Газ құбырлары қосылыстарының пісірілген тораптарының үлгілерін механикалық сынау. 15. Жерасты газ құбырларын оқшаулау сапасын бақылау. 16. Жаңа газдану сигнализаторларын тексеру және тіркеу. 17. Металл кірістірмелерді дайындау (есептеу аспаптарын жөндеуге және мемлекеттік тексеруге алу кезінде). 18. Қолданылатын газ құбырына кесіп енгізуге арналған құрылғыларды жасау. 19. Газды есептеу аспаптарын пломбалау. 20. Газ саласының мамандарын даярлау және қайта даярлау. 21. Есептеу аспаптарын және смарт-карталарды сату.”. 2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі Газ өнеркәсібін дамыту департаменті (С.А. Брекешев) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін: 1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Қ.М. Смағұловқа және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді. 6. Осы бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрінің Табиғи монополияларды міндетін атқарушы реттеу агенттігінің төрағасы Ә. МАҒАУОВ. Н. АЛДАБЕРГЕНОВ. 2010 ж “___”_____________ 2010 ж “___”_____________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 8 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6532 болып енгізілді.Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 13:15
АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады
Әлем • Бүгін, 12:55
Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды
Спорт • Бүгін, 12:40
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Медицина • Бүгін, 12:20
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:05
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:50
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Үкімет • Бүгін, 11:10
Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Спорт • Бүгін, 10:54
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Бизнес • Бүгін, 10:40
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:27
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:17
2026 жылғы қаңтарда Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 09:54
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
Медицина • Бүгін, 09:37