Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Қол ұзартар құлтемір

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Tesla» компаниясы Берлинде адам тәрізді «Optimus» роботын көпшілікке көрсетті. Танысты­рылым сауда орталығында өтіп, құлтемір қонақтармен амандасып, попкорн таратқан.

Қол ұзартар құлтемір

Сурет ашық дереккөзден алынды

«Tesla» мәліметінше, бойы 1,73 метр болатын «Optimus» қауіп тудырмайтын қарапайым жұмысқа бейімделген. Ол тазалау, тамақ әзірлеу, қоймадағы шаруалар сияқты міндеттерді атқара алады. Қазірдің өзінде робот «Tesla»-ның Калифорниядағы зауытында батареяларды сұрыптап, электромобиль құрастыру желісіне көмек көрсетіп жүр. «Tesla» роботты шамамен бір жылдан кейін сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Бағасы 20–25 мың доллар шамасында болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар

Доллар тағы да көтерілді

Қаржы • Бүгін, 16:35