Спорт • Бүгін, 10:54

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Балуан шолақ атындағы Мәдениет және спорт сарайында кәсіпқой бокс кеші өтті. Сол жарыста Қазақстанның бірқатар былғары қолғап шеберлері алыс-жақын шет мемлекеттерден келген спортшылармен күш сынасты, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті

Аталған турнирдің басты жекпе-жегінде еліміздің танымал боксшысы, жартылай ауыр салмақтағы WBA Asia нұсқасы бойынша алтын белбеудің иегері Әли Ахмедов (24-2, 17 КО) ганалық Делали Миледзимен (29-1-1, 22 КО) айқасты. Бәсеке басынан аяғына дейін біздің боксшының айқын басымдығымен өтті. Әли қарсыласын «қуып жүріп сабады» десе де болады. Алайда ауыр-ауыр соққылар алғанына қарамастан Миледзи жекпе-жектің соңына дейін шыдады. Нәтижесінде төрешілердің шешіміне жүгінуге тура келді. Қазылардың барлығы да жеңісті бірауыздан Ахмедовке берді.

Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды

Әу баста Бекман Сойлыбаев (20-1, 11 КО) армениялық Андраник Григорянмен (15-3-1, 4 КО) күш сынасады деп жарияланған еді. Бірақ қарсыласы Алматыға келмеді. Оны дереу өзбекстандық Абдулло Қошқаровпен (6-0, 5 КО) алмастыруға тура келді. Алайда көршілес елден келген өрен бұл бәсекеге дайын болмай шықты. Сойлыбаевтың жойқын соққыларына шыдамаған Қошқаров екінші раундтан кейін кездесуді жалғастырудан бас тартты.

Қазақстан боксшылары 2028 жылғы Олимпиадаға АҚШ-та дайындалады

Жоғарыда есімдері аталған қос саңлақтан бөлек, Алматыдағы бокс кешінде Бауыржан Бекмұрзаев, Кенже Мұратұлы, Александр Ковригин, Рамзан Саитов, Дамир Әбдіқадыр және Нұржан Серікбаев сынды жерлестеріміз өз жекпе-жектерін жеңіспен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар

Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты

Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00