Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Армандар орындалады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Blue Origin» компаниясы сал ауруы­на шалдыққан неміс инже­нері Михаэла Бентхаусты «New Shepard» зымыранына отырғызып, 10 минуттық ғарыш сапарына шығарды.

Армандар орындалады

Сурет ашық дереккөзден алынды

Ғарыш капсуласы Жерден шамамен 105 шақырым биіктікке көтеріліп, кейін Техас шөліне қауіпсіз қонды. Михаэла Бентхаус 7 жыл бұрын омыртқасын жарақаттап алғанымен, ғарышқа ұшу арманынан бас тартпаған. Бір күні ол SpaceX инженері Ханс Кенигсманның әлеуметтік желідегі парақшасына «мен секілді адамдар ғарышкер бола ала ма?» деп хат жазыпты. Содан Кенигсманн оған жауап беріп, тіпті ғарыш туризмі компания­сымен бірге 10 минуттық тарихи ұшуды ұйымдастырған. Осылайша, Бентхаус адам шын қаласа арманына жете алатынын іс жүзінде дәлелдеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Шыршаны балталау тыйылмай тұр

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Ерлан Қарин: 1300-ге жуық жұмысшы мемлекеттік марапат алды

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 15:37