Әйтсе де мұңлық жанға белгі қоятын жер анықталды Облыстық мәслихат депутаты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Римма Бектұрғанова жетекшілік ететін “Бәдрисафа” экспедициясы жақында Меңдіғара ауданындағы бұрынғы Екпінді ауылының жұрты және мұсылман қорымы жатқан жерге тағы да сапарлап қайтты. Себебі, экспедицияның мүшесі Ибрагим Ағытаевқа бұрынғы Екпінді ауылының жұрты жанындағы мұсылман бейітінде ашылып қалған сүйекті көрген, оны қайта жерлеген жандарды білетін куәлар хабарласқан болатын. Сонымен қатар, Бәдрисафа шешеміздің бейітінің басына тас белгі орнататын орынды анық белгілеу керектігі де осы сапарға мұрындық болды. Бұрынғы Екпінді ауылында туып-өскен және ол көшірілгеннен кейін он сегіз шақырым жердегі Ломоносов кеңшарында жұмыс істеген Ербол Алшынбаев пен Марат Тұрлыбековтер экспедиция мүшелеріне ашылып қалған сүйекті 1986 жылы қыр басындағы Науша бейіті деп аталатын қорымның етегіндегі су жырған сайдың қабырғасынан көргендерін, оның қандай жағдайда болғанын тәптіштеп айтып берді. Сүйекті қайта жерлеу үшін қарамағындағы жігіттерге тапсырма берген сол жылдары кеңшардың Лютинка бөлімшесінде басқарушы болып істеген осы Марат екен. Олар ауылдағы Байжігіт Құсайынов және Егізбай Әйкенов деген ақсақалдарды ертіп алып, сүйекті жинап, сол маңға қайта жерлеген. – Менің әңгімемнен қаныққан әкем Естайдың сүйекті қорымға қоспай, жалғыз оқшау тұрған қайың ағашының маңына жерлеген ауыл ақсақалдарына реніш білдіргені есімде. “Александраның әлі іздеушісі болады, ұят емес пе, әй, нақұрыстар!” дегені әлі құлағымда тұрғандай, – дейді Марат Тұрлыбеков. Олардың айтуынша, Александраның тегін адам еместігі, тіпті оның Ахмет Байтұрсыновтың әйелі екені ауыл ішінде күбір-сыбыр әңгіме болып басылған, қорқып, зәрезап болып қалған ауылдағылар оны сыртқа жаймаған. Одан кейін заман өзгерді, ұрпақ алмасты, бұрынғылардың барлығы да о дүниелік болды, суы да, нуы да бар жерде орналасқан Екпінді келешегі жоқ деген ұрда-жық ұранмен жойылып, байырғы тұрғындардың барлығы тарап кеткендіктен де бұл әңгіме Тобылдың бір қойнауындағы ауыл жұртында, қырдың етегінде жатқан Александра-Бәдрисафаның өзімен бірге қалған. Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бері де 20 жылдан аса уақыт өтті. Ауыл ақсақалдары қайта жерлеген бейіт те тегістеліп кеткен. Александра-Бәдрисафа бейіті тап басып табылмаса да, сталиндік қуғын-сүргіннен жазықсыз жапа шеккен мұңлықтың рухы осы қырда тыныстап жатқаны аян. Сондықтан экспедиция мүшелері жолмен өткендерге анық көрінетін қырдың биігіне ұлт ұстазы, Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсыновтың жары, жан жолдасы, саяси қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны Бәдрисафа Байтұрсынованың рухына арнап, тас белгі орнататын орынды анықтап қайтты. Белгі демеушілердің көмегімен келесі жылы орнатылатын болды. Ал оған дейін “Бәдрисафа” экспедициясының мүшелері Ахаң мен Бәдрисафа шешеміздің табаны тиген жерлерді жүріп өтуді және ол туралы деректерді іздестіру жұмысын жалғастыратын болады. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, Қостанай.
Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 13:15
АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады
Әлем • Бүгін, 12:55
Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды
Спорт • Бүгін, 12:40
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Медицина • Бүгін, 12:20
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:05
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:50
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30
Елордада халық саны 1,6 млн-нан асты
Үкімет • Бүгін, 11:10
Астанада үш қабатты ғимараттан өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:00
Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтті
Спорт • Бүгін, 10:54
СҚО-дағы шағын және орта бизнестің жартысына жуығын әйелдер басқарады
Бизнес • Бүгін, 10:40
Алматыда тауда жоғалған тағы екі адамның денесі табылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:27
Тайвань мен Перуде қатты жер сілкінісі болды
Әлем • Бүгін, 10:17
2026 жылғы қаңтарда Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 09:54
Алматыда 60 мыңнан астам тұрғын МӘМС жүйесімен қосымша қамтылады
Медицина • Бүгін, 09:37