АСТАНА. 25 қаңтар. Камерунның солтүстігінде болған жойқын жарылыстан 29 адам қаза тауып, 30 тұрғын түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Алдын-ала болжам бойынша, 29 адам қаза тапты. Оның ішінде өзін-өзі жарып жіберген 3 жанкештінің денесі анықталды. Сондай-ақ, зардап шеккен 30 тұрғын жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді», – дейді жергілікті полиция қызметкері.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, қанды оқиғаның ұйымдастырушылары бұл жолы да «Боко харам» тобының содырлары болуы мүмкін деген болжамдарын айтты. Себебі, аталған ұйым осыған дейін бірнеше рет халық көп шоғырланған жерлерде жарылыс ұйымдастырып, бейбіт тұрғындарға сан мәрте оқ жаудырған.
Небәрі алты жылдың ішінде лаңкестік топтың қолынан 20 мыңға жуық адам қаза тауып, көптеген тұрғын түрлі жарақат алған. «Боко Харам» содырлар ұйымы көбіне Нигерияның солтүстік-батысында, Камерун және Чад елдерінде террорлық шабуыл жасайды.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Сурет: zn.ua.

Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін Қазақстан құрамасы 8 жүлдемен аяқтады
Спорт • Бүгін, 10:59
Жаксылық Омар ісі: Апелляциялық шағымдар қай күні қаралатыны белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 10:33
11 мамырдағы теңге бағамы қандай?
Қаржы • Бүгін, 09:56
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:31
Түркия Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
Президент • Кеше
Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Кеше