Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрлігі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығметовтің қатысуымен брифинг өтті. Басқосуда Елбасының бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін тарату және Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығының мән-маңызы сөз болды.
Бірінші кезекте Ғани Нығметов депутаттардың бесінші шақырылған Парламент Мәжілісін таратып, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын өткізу туралы бастамасына Елбасының қолдау білдіргені мемлекетіміздің орнықты дамуына жол ашатынын атап өтті. «Мен бұған дейін парламенттік және барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын кезектен тыс өткізу жөніндегі депутаттардың үндеуін қолдап, өз пікірімді білдірген болатынмын. Сол уақыттан бері Президент Нұрсұлтан Назарбаев аталған мәселеге қатысты өз Жарлығына қол қойды. Шын мәнінде, бұл ел игілігі үшін жасалған оңды шешім болды. Себебі, қазіргі таңда, Елбасы айтқандай, қиын кезеңде, дағдарыс кезінде біздің халқымыз бірлесе отырып, сайлауды бір жылға созбай өткізіп, одан кейін дағдарысты еңсеруге бағытталған Президент ұсынған реформаларды жүзеге асыруымыз қажет», – деді Ғ.Нығметов.
Оның сөзіне қарағанда, мұнай бағасының көтерілгенін күтпей, индустрияландыруға, шағын және орта кәсіпкерлік салаларын дамытуға күш салу керек. «Қазіргі уақытта алдымызға қойылған мақсат-міндеттерді, соның ішінде Президентіміздің бес реформасы мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында көзделіп отырған шараларды ынтымақтаса отырып жүзеге асыру маңызды. «100 нақты қадамда» бүгінгі сын-қатерлерге жауап бар. Оның үстіне, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыру, түрлі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, экономиканы индустрияландырудың кең ауқымды бағдарламасын орындау, шағын және орта бизнесті дамыту міндеттері нақты көрсетілген», – деді ол.
Сондай-ақ, спикер Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауларын бірге өткізу бюджет қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретінін жеткізді. «Біз Елбасының кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлығы арқылы бұл электоралды науқанда 5 млрд. теңгеге жуық бюджет қаражатын үнемдей аламыз. Сонымен бірге, электоралды жылды үнемдей аламыз. Біз конституциялық және азаматтық құқықтарымызды пайдалана отырып, сайлауға қатысып жатқан саяси партияларға дауыс беруге белсенді қатысуымыз керек деп есептеймін», – деп түйіндеді сөзін Ғ.Нығметов.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13