ҚАРАҒАНДЫ. 26 қаңтар. Қарағандыда бейсбол таяғымен қорқытып, үй тонап жүрген күдіктілер қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үш адамнан құралған қылмыстық топ ауқатты тұрғындардың пәтерлеріне баса-көктеп еніп, үй иелерін тапаншаға ұқсас затпен және бейсбол таяғымен қорқытып, ақша мен қымбат заттарын алып кетіп жүрген. Мәселен, олар қаланың Октябрь ауданындағы бір пәтерге шабуыл жасап, 200 мың теңгені тартып әкеткен.
Күдіктілерді қолға түсіру тәртіп сақшыларына оңайға түспеді. Өйткені олар бетперде киіп, соңдарынан із қалдырмай, аса сақтықпен әрекет етіп жүрген.
Таяуда осы іс бойынша арнайы құрылған жедел топ – қылмыстық полицияның жедел уәкілдері мен «Арлан» арнайы тобының жауынгерлері күдіктілерді қолға түсірді.
Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.
• 26 Қаңтар, 2016
Қарағандыда бейсбол таяғымен қорқытып, үй тонағандар ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30
АҚШ-та ұшақ ұшу жолағында адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 10:14
«Бәйтеректің» алдында бейәдеп суретке түскен студент жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 09:55
Қаражалдағы өрт: Құтқарушылар ер адамды ажалдан аман алып қалды
Төтенше жағдай • Бүгін, 09:37
Артемьев шахтасында 9 метр биіктіктен құлаған қызметкер мерт болды
Оқиға • Бүгін, 09:25
Найзағай, бұршақ, қатты жел: Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:13