АТЫРАУ. 26 қаңтар. Атырау қалалық №2 соты «ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамының менеджерін ұрлап, өлтіреміз деп қорқытқан жергілікті 2 тұрғынға қатысты сот үкімін шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Іс құжаттарынан анықталғандай, Астана қаласының «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның 27 жастағы қызметкері Атырау қаласында қызметтік іссапарда болып, 2015 жылдың 22 шілдесінде күндізгі рейспен Астана қаласына ұшпақшы болады. Оны әріптесі «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен шығарып салады. Атырау халықаралық әуежайының көлік тұрағында оларға сотталушылар және оған қатысты қылмыстық іс бөлек өндіріске бөлінген белгісіз адам келіп жақындайды да, менеджерді күштеп көлікке отырғызып, алып кетіп қалады. Тас жолға шыққасын, ұрлаушылар менеджерді қауіпсіздік белдігімен байлап және көзін де матап қояды. Содан соң, белгісіз бір жерге тоқтаған. Оны көліктен шығарып, тізерлеп отырғызады. «Сен өмір сүресің, бірақ сенің досың бұл туралы полицияға хабар берсе, біз сені өлтіреміз. Тіпті, Астана қаласынан да тауып аламыз», – деп қорқытады. Сондай-ақ, одан компанияның жергілікті филиалын тексеру құжаттарын тартып алған. Менеджерді көзі байлаулы күйінде далада қалдырып, оқиға орнынан қашып кеткен», – деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Сотта екі сотталушының да «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Атырау қаласындағы филиалында қызмет жасайтындықтары анықталды. Сот үкімімен олар Қылмыстық кодекстің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағы, 191-бабының 2-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша кінәлі деп танылып, екеуіне де 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жаза өтеу орны ретінде жалпы режімдегі түзеу колониясы белгіленді.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: vestipmr.info.
• 26 Қаңтар, 2016
Атырауда астаналық менеджерді ұрлағандарға сот үкімі шықты

Астанада көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:59
ДДСҰ басшысы үндеу жасады: Хантавирус қаупі қаншалықты жоғары?
Әлем • Бүгін, 15:35
Блогер мен оның оқырмандары әуе компаниясын сату алу үшін 132 млн доллар жинаған
Әлем • Бүгін, 15:04
Футзал: Қазақстан әлемдегі ең мықты ондықтың қатарына енді
Спорт • Бүгін, 14:44
Атырауда 4 адамды өлтірген күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Оқиға • Бүгін, 14:28
Көкшетауда жалғызбасты ананы қағып өлтірген жүргізуші ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:04
Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды
Білім • Бүгін, 13:23
Бүгін Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 13:09
Астана аспанында әскери ұшақтар ұшады: Министрлік мәлімдеме жасады
Оқиға • Бүгін, 12:53
Италиядағы қала туристерді тарту үшін атауын өзгерткен
Туризм • Бүгін, 12:32
Ана мәртебесі: Тәрбие бесігінен кәсіпкерлік шыңына дейін
Қоғам • Бүгін, 12:18
Көкшетауда көлік әйелді қағып кетті: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:38
Зеленский Путинмен келіссөз өткізудің басты шартын атады
Әлем • Бүгін, 11:13
Аида Балаева: Қазақ дүниетанымында ана бейнесі қашанда айрықша қастерленген
Қоғам • Бүгін, 10:46
Әзілкеш Нұрлан Сабуров: Степногорск әкімі болуды ұсынды
Оқиға • Бүгін, 10:30