АСТАНА. 27 қаңтар. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның қатысуымен «2015 жылы елорданың құрылыс саласында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбында брифинг өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Өткен жылдың қорытындысына сәйкес құрылыс жұмыстарының көлемі 472 млрд. теңгені құрап, 1759 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Бұл – елорда тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Пайдалануға берілген баспана көлемі 2014 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 146 пайызға артық», – деді қала әкімінің бірінші орынбасары.
Өткен жылы жалпы ауданы 2371 мың шаршы метрді құрайтын 1135 әртүрлі нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 107 әлеуметтік нысан, соның ішінде әрқайсысы 1200 орындық жалпы білім беретін 4 мектеп, 1720 орындық 8 балабақша тапсырылды. Бұған қоса, 250 кереует-орындық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы, медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығы, сол жағалауда 500 келушіге арналған амбулаториялық-емханалық кешен, Президент Іс басқармасының клиникалық-оңалту кешені сияқты денсаулық сақтау нысандары пайдалануға берілді.
«Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 343 мың шаршы метр, соның ішінде ескі және апатты жағдайдағы үйлерді бұзу пилоттық жобасы аясында 151 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. Осы ретте пилоттық жоба басталғалы бері апатты жағдайдағы үйлерде тұрған отбасыларға 1762 пәтер тегін берілгенін атап өткен жөн. Бекітілген кестеге сәйкес, жобаның 1-кезеңін толық жүзеге асыру 2017 жылдың екінші жартысында аяқталады.
Индустриалды парк аумағында 27 өндірістік нысан пайдалануға беріліп, 2735 жаңа жұмыс орны ашылды.
«Жалпы экономикалық коньюнктура дамуының тұрақсыздығына қарамастан, 2016 жылы экономиканың құрылыс саласындағы өсу қарқынын кемінде 104 пайыз көлемінде сақтап қаламыз деп жоспарлап отырмыз», – деді Сергей Хорошун.
Оның айтуынша, әкімдік қолда бар қаржылық ресурстардың аздығына байланысты халықаралық қаржы ұйымдарымен, соның ішінде мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетіктерін пайдалану арқылы қарыз бен несие тарту мақсатында жұмыстар жүргізуде. Бұл бағытта осы жылдың өзінде 960 орындық 4 балабақша, 4 амбулаториялық емхана, 4 паркинг құрылысы жобаларын бастау жоспарланып отыр. Бүгінде Астана қаласында құрылыс кезеңінде 2591, жобалау кезеңінде 1195 нысан жүзеге асырылуда.
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңдарын бұзуға жол берген елордада тұрғын үй кешендерін салушыларға қатысты жағдайға ерекше тоқталып өтті. Бұл жөнінде ол: «Бұл мәселе әкімдік пен ведомствоаралық комиссия мүшелерінің жіті бақылауында. Өткен жылы құрылыс бойынша 909 бұзушылық, пәтерлерді заңсыз сату бойынша 37 дерек анықталып, олар бойынша мемлекеттік органдар тарапынан дер кезінде тиісті шаралар қабылданды», – деді.
Сонымен қатар Сергей Хорошун: «Өткен жылы біз өз бетінше құрылыс жүргізуге қатысты бұзушылықтарды ең төменгі көрсеткішке дейін азайттық. Кезекші жоспарға сәйкес жекелеген оқиғалар анықталып отырады. Бүгінгі күні құрылыс салушылар өз бетінше сала бастаған нысандардың құрылысын сот шешімімен тоқтатып, кейін қымбат айыппұлдар төлегенше заңмен белгіленген тәртіпте рұқсат қағаздарын алып жұмыс істеген тиімді екеніне көз жеткізді», – деді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: astana.gov.kz.
• 27 Қаңтар, 2016
Былтыр Астанада рекордтық деңгейде баспана берілді

Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23
Қор биржасында доллар тағы қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 17:12
Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30