Таңсәріден Үшқоңыр ауылын бетке алып келеміз... Сірә, бұл жолы табиғат түсірілімі сәтсіз болатындай. Алматыдан қанша шақырым алыстасақ та, қара түтінмен тұмшаланған бұлыңғыр аспан соңымыздан қалар емес.
Көктен ақ көрпелі кеңістікке қиғаш түскен күн көзі көз қарықтырады. Алыстағы Алатау тіпті бұлдыр бейнеге айналған. Суретке түсіру тұрмақ, бедерін тамашалау да мүмкін емес. Десек те, сол жоталарға жол тартып келеміз. Шамалған өзенінен асып, Үшқоңыр жайлауын кесіп өтіп, өзі аттас Алатау жоталарына қарай өрледік.
Анадай биікте бір топ табын жайылып жүр. Қасына барып, жақыннан түсірілім жасау үшін, сол биікке төтесінен шығуға тура келген. Сәтті көріністер түсіргені өз алдына, табиғат ғажайыптарына еріксіз куә болдық. Көктем нышаны – бәйшешектер осы Үшқоңыр жотасында қауызын жарыпты. Әдетте, оңтүстік өңірде байқалатын тосын құбылыс, қалың қар басқан біздің Алатаудан қайталанғанда, не деріңді білмей қалады екенсің?!
Биыл Алатау табиғаты қызық болып барады, тамызда қалың қар жауып, әсем желектің белінен үзген еді, енді қытымыр қаңтар келгенде, тағы да мінезі күрт өзгеріп, бәйшешекпен төңірекке көктем лебін сездіргендей... Үшқоңырдың сымбатты жоталары болса, осы тылсым сырымен көпшілікке бөліскендей... Ал таудың кең шатқалдарын аралай қозғалсаңыз, мөлдір тұнық бұлақтарға кезігесіз. Бірінші, екінші, үшінші бұлақ деп жалғаса береді... Тіпті, бірінші бұлақты тауда демалыс жасаушылар үшін арнайы көркемдеп, барыспен безендіріпті, тіпті, демалып, тынығу үшін, арнайы орындықтармен жабдықталған. Шамалы тыныққаннан кейін, шатқалмен биікке өрлесеңіз, тау дидары бірінен соң бірі жалғасып, ерекше айшықталады. Алыстан сығалаған Күн көзі де, төңірекке өзгеше рең берген...
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ.
Суретті түсірген автор

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19