Өскемендегі зообақта америкалық тау арыстаны бар
Өскемендегі хайуанаттар бағының аң-құстары қытымыр қыстың суығына әзір тоңа қойған жоқ. Мұны жыртқыштардың түр-тұлғасынан, сергек жүрісі мен күңгірт күннің өзінде жылтылдап тұратын терісінің түгінен байқауға болады, дейді мамандар.
Хайуанаттар бағында бұлан, сілеусін, қабан, таутеке, америкалық тау арыстаны (пума) сияқты сирек кездесетін тау мен дала тағыларына жақсы жағдай жасалған. Биыл хайуанаттар бағында жануарлардың еркін қимылдауы үшін тұрақтары кеңейтілген болатын. Келушілер қатары да мол. Адамдарға кішкентай көздерімен тесіле қарайтын қос қабанның тұлғасына кәнігі аңшылардың өзі таңғалады. Қабандар торай кезінен осында өсіп келеді. Ал Саша есімді аю күректей алақанымен тордан ұстап, тігінен тұрғанда бойы 2,5 метрге жетеді. Қоңыр аюлардың жан-жағындағы тіршілікке манаурай көз салғанының өзі қызық. Зипа бойлы пумаға қарағанда мұндағы аюлар вегетариан. Ал өткір көздері жап-жасыл болып жанатын пума қызыл етке құмар-ақ. Өте жыртқыш болғандықтан, бақ қызметкерлері оны қоректендірген кезде сақтықпен қимылдайды. 2,5 жасқа толған тау арыстанына ұрғашы жұп іздестіріліп жатыр екен.
– Пуманы қаламызға екі жыл бұрын келген цирктердің бірі сыйлап еді. Олар жұбын тауып беруге де уәде еткен. Алайда, кейін ондай мүмкіндіктің болмай тұрғанын айтып, хат жазды, – дейді Шығыс Қазақстан облыстық сәулеттік-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының фауна бөлімінің бастығы Зайнитдин Шамшиев.
Зайнитдин Шарифитдинұлы күздің соңғы айларында хайуанаттар бағында арнайы жем-шөп асханасы салынғанын, жыртқыштарға арналған тағамды әзірлеуде тазалық қатаң сақталатынын, көкөністер де жеткілікті екендігін айтты.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
ӨСКЕМЕН.

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше