Елдің ертеңіне қатысты Елбасының бағдарламалық мақаласын бір демде оқып шыққан едім. Қолыма қарындашымды алып, астын сызып тұрып зерделей түскенде, ойым сонау өткен жылдарға кетті. Қай классиктің айтқаны нақты есімде жоқ, бірақ мағынасы – ұлылық уақыт өте, жылдар арасы қашықтаған сайын айқындала түседі деген. Біздің тәуелсіздігімізге небәрі 25 жыл енді толады, ал осы уақыттың ішінде қазақстандықтар өзінің Елбасымен бірге көптеген қиындықтарды жеңіп, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Қазақ жұртының нарықтық экономиканы бетке ұстап, көшін түзеген тұсында біздің елдің болашағына қатысты күмәнді ой айтушылардың қатары аз болмағаны аян.
Өткен жылдардағы тарихымызға көз жіберсек, Нұрсұлтан Әбішұлы 1995 жылы мемлекеттің, ондағы әр азаматтың тағдырына қатысты жауапкершілікті өз иығына артып, бірнеше айдың ішінде 150-ден астам заңға қол қойып, ол Қазақстанның әрі қарайғы дамуына жол ашты. Сол кезде Ата Заңымыз қабылданды. Жас мемлекет, өзінің қажет институттарының заңдық негізін енді қалай отырып, төл теңгесін дүниеге әкеліп, бәсекелестікке толы әлемде алдына қойған кеуделі мақсаттарын жария етті.
1997 жылы Президент Назарбаев «Қазақстан-2030» Стратегиясын ұсынған кезде арамызда «Мұндай қиялға берілгенше, уақтылы зейнетақы мен жалақыны төлеп, жарық пен жылуды беруді дұрыстаңдар», дейтіндер көп еді. Қазір ол сөздер ұмытылды, өйткені, біздің еліміз алдыңғы қатардағы озық елуліктің қатарында. Енді одан да жоғары – алдыңғы отыздыққа ену мақсаты тұр.
Өз басым Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған Жоспардың табысты болатынына кәміл сенемін. Алғаш рет 5 институттық реформаны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт Жоспары «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде жарияланып, Президент тапсырмасымен 5 институттық реформаны жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» жасалды. Аз уақыт ішінде 60-тан астам заң қабылданды. Елбасы өзінің бағдарламалық мақаласында көрсеткендей, олардың барлығы «...мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастырды...». Бұл 1995 жылы біздің Президентіміз атқарған аса жауапты, өте ауқымды жұмыстарды елестетеді.
Президенттің бағдарламалық мақаласында барлық бағыт айқын көрсетілген. Оның әрбір пунктінің мәні ерекше, маңызы жойқын. Мемлекетті кәсибилендіру, құқық тәртібі және заңдылық, индустрияландыру және экономикалық өсу, қоғамға есеп беретін ашық мемлекет, ұлт бірлігі сынды маңызды мәселелердің барлығы қамтылған. Мен жоғарыда Жоспарда көрсетілген қатарды әдейі өзгерттім. Себебі, мақалада Елбасының басты мақсаты– әлеуметтік жетілген, экономикасы қуатты, өсіп-өркендеуші Қазақстанның дамуы халықтың біртұтастығында екендігі көрініп тұр. Сондықтан да Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаланың бір бөлімін «Реформалар табысы – ұлт бірлігіне бастар жол» деп атайды.
Мен барша қазақстандықтардың Ұлт Жоспарын жан-жақты қолдап отырғанына, оны елдің кемел болашағына жол ашатын нақты қадамдар деп қабылдағанына қуаныштымын.
Салтанат РАХЫМБЕКОВА,
«Жасыл экономика үшін және G-GLOBAL-ды дамыту» коалициясы басқармасының төрайымы.
АСТАНА.

Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше