АСТАНА. 28 қаңтар. Зика безгегін жұқтырған науқас Данияда тіркелді. Бұл туралы Euronews телеарнасына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Індетті Орталық және Оңтүстік Америкаға барған ер адам жұқтырған. Қазіргі таңда бұл аймақтың көптеген елдерінде зика эпидемиясы өршіп тұр. Бұдан бұрын безгекті жұқтырудың екі дерегі – Швейцарияда, төрт жағдай – Италияда, тағы екі оқиға АҚШ-тың Вирджиния және Арканзас штаттарында тіркелген болатын. Індетті жұқтыру оқиғаларының барлығында дерлік ауырған адамдар вирус шалған елдерге барған. Ал, бұл індет адамға маса арқылы жұғады.
Зика безгегі әсіресе жүкті әйелдер үшін өте қауіпті болып саналады. Себебі, ауру іштегі баланың бойында ауытқушылықтар тудыруы мүмкін. Кейбір ғалымдар індет пен Бразилияда ми дертімен дүниеге келген сәбилер санының өсуінің арасындағы байланысты жоққа шығармайды. Сол себепті мамандар аяғы ауыр әйелдерді бұл аймаққа барудан бас тартуларын сұрап отыр.
Зика індеті бүгінге дейін 20-дан астам елде тіркелген. Ал, Бразилия әлем бойынша ең ірі эпидемияны басынан өткеріп отыр. Осыған орай Халықаралық Олимпиада комитеті өз алаңдаушылығын білдірді. Себебі, биылғы Олимпиада осы елдің Рио-де-Жанейро қаласында өтетіні белгілі.
Еламан Қоңыр.
Дерек: Euronews.
Сурет: ilpost.it.

Астанада ер адам жұбайын көпшілік көзінше соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 15:58
Толассыз жауын, үсік: Алдағы екі күнде ауа райы қалай құбылады?
Ауа райы • Бүгін, 15:03
Бішкекте жалған доллар өткізумен айналысқан екі қазақстандық сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Былтыр Астанада қанша шетелдік ем алды?
Медицина • Бүгін, 13:40
ҚАТЗУ-да экономика ғылымдарының докторы атындағы аудитория ашылды
Ғылым • Бүгін, 13:00
Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады?
Қоғам • Бүгін, 11:54
Футболдан әлем чемпионаты: Иран құрамасына қатысты нақты шешім жарияланды
Футбол • Бүгін, 11:15
Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 10:55
Астанада LRT пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылды
Елорда • Бүгін, 10:26
32 градусқа дейін ыстық: Бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:45
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:23
Президент Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:02
1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше