«Қазақмыс» компаниясы дағдарыс заманының өзінде дамуға мүмкіндік барын іспен дәлелдеп келеді. Бүгінгі күнде кәсіпорын Ақтоғай және Бозшакөл кен орындарын іске қосуды қолға алған. Қазіргі уақытта аталған кен орындары «KAZ Minerals» тобына қарайды. Бұл соңғы кезде компанияда болған құрылымдық өзгерістердің нәтижесі. Жаңа жыл қарсаңында Семей өңіріндегі Ақтоғай кешені іске қосылып, тотықтандырылған кеннен алғашқы катодты мыс алынған болатын. Жоспар бойынша биылғы жартыжылдық ішінде өндірістің қуаты жылына 15 мың тонна мыс өндіретін деңгейге жеткізілмекші.
Ақтоғай кен орнын игеру жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді. Сол жылдың желтоқсан айында мыс кенін өндіру жөніндегі жоба бекітіліп, алғашқы жұмыстар басталған болатын. Шалғайдағы Бозшакөлден бұл жердің айырмашылығы, болашақ комбинат жанында электр қуатының желілері, көлік коммуникациясы секілді инфрақұрылымдар дайын еді. Құрылыс жұмыстарын кедергісіз бастауда бұл айтарлықтай қолайлылық туғызды. Тау-кен жабдықтары қойылатын орынға дейін теміржол, су құбыры тартылып, екі-үш жыл бойы жаңа кешен салу жөніндегі қайнаған еңбек толассыз жүргізілді. Соның нәтижесінде өткен жылдың басында кенді топтап сілтілендіру және электролиздеу корпустарының құрылысы қолға алынып, жаңа жабдықтар жеткізіле бастады. Вахталық кент те салынып бітуге жақын. Осылайша кен өндірісінің үлкен жобасы бас-аяғы үш жылдың ішінде іс жүзіне асырылды деуге болады. Тотыққан кеннен алғашқы катод мысының алынуы соның айғағы.
Мамандардың есебінше, ашық әдіспен кен өндіретін Ақтоғай кешені жобасының құны 2,3 миллиард долларды құрайды. Өнімнің өзіндік құны да белгілі. Қазіргі болжам бойынша бір тонна мыстың өндіру шығыны 2200 доллардан айналады. Мұнда 2017 жылы сульфидті кен құрамын өңдейтін фабрика іске қосылмақшы. Қазір құрылыс және жабдықтау жұмыстары жалғасуда. Алғашқы 10 жылдың ішінде орта есеппен жылына 150 мың тонна мыс өнімі алынуы тиіс. Комбинат толық пайдалануға берілген кезде 1500-дей адам еңбек ететін кен орнының қоры 50 жылға жобаланған.
– Ақтоғай кен байыту комбинатында алғашқыда тотыққан кенді өндіру және өңдеу үдерісі жүргізіледі. Біздің компания үшін қуанышты сәт, айтулы оқиға. Кен өндіру, өңдеу кешенінде 2 мыңдай адам еңбек еткенін де атап өту керек. Олардың басым көпшілігі өзіміздің жұмыскерлер болды, қалған екі пайызы ғана шетелден келген мамандар, – деп атап өткен «KAZ Minerals» тобы басқармасының төрағасы Олег Новачук компания баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан».
Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы.

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44