АҚТАУ. 28 қаңтар. Маңғыстау облысында жолаушылар пойызы мен газ тиеген көлік соқтығысты. Бұл туралы lada.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға бүгін Маңғышлақ-Бейнеу учаскесінің №6 бекеті маңындағы өткелде күндізгі сағат 15:50 шамасында болған. Апатқа ұшыраған пойыз сол күні таңертең Маңғышлақ стансасынан аттанған «Маңғышлақ-Алматы» жолаушылар пойызы, ал газ құйылған цистерналы көлік «ҚарақұдықМұнайГаз» АҚ-на тиесілі болып шықты.
«Мен жақын маңнан өтіп бара жатып, апатты өз көзіммен көрдім. Пойыз машинисі ұзақ дабыл қақты, бірақ газ тасушы көлік тоқтамады. Нәтижесінде екеуі соқтығысып, пойыз көлікті 40 метрдей жерге ысырып әкелді. Өрт болған жоқ, бірақ оқиға орнына жақын бару мүмкін болмады. Себебі, газдың иісі қатты шығып тұрды», – дейді оқиға куәгері.
Оқиға орнына «ҚарақұдықМұнай» ЖШС және «Кенесары» ЖШС құтқарушылары мен өрт сөндірушілері келіп жеткен. Апат салдарынан 1963 жылғы автокөлік жүргізушісі мерт болып, машинистің көмекшісі жарақат алған. Сондай-ақ, локомотивтің бір секциясының алдыңғы бөлігі жапырылған.
Өткел алдында тұрған автокөліктің кенет қозғала бастағанын көріп, сағатына 50 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойыз машинисі шұғыл тежегішті басуға шешім қабылдағанымен, арақашықтықтың аз болуына байланысты соқтығысудың алдын алу мүмкін болмағандығын айтқан.
Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Еске сала кетейік, 2013 жылы 16 қарашада Ақтау қаласынан қашық емес жерде тауар тиеген пойыз бен жүк көлігінің соқтығысуы салдарынан тепловоз машинисінің көмекшісі қаза тапқан болатын.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет: lada.kz.
• 28 Қаңтар, 2016
Маңғыстауда жолаушылар пойызы мен газ тиеген көлік соқтығысты

Өтініш қабылдау аяқталды: Негізгі ҰБТ мамыр айында басталады
Қоғам • Бүгін, 22:46
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 22:18
Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Бүгін, 21:59
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 21:19
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Бүгін, 20:48
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 20:29
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Бүгін, 19:56
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Бүгін, 19:26
Робототехника додасы: Қазақстан оқушылары екі бірдей басты марапатқа ие болды
Технология • Бүгін, 18:53
Мемлекет басшысы мен Израиль Президенті шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 18:23
1 шілдеден бастап ипотека кімдерге берілмейді?
Ипотека • Бүгін, 18:05
Әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты: 19 команда басты жүлдеге таласады
Футбол • Бүгін, 17:48
Алматыда «Бір аспан астында» халықаралық заманауи өнер көрмесі ашылды
Көрме • Бүгін, 17:27
Ақордада Израиль Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
Оқиға • Бүгін, 17:25