ТАРАЗ. 29 қаңтар. Жамбыл облысы -- жер ресурстарынан кенде емес. Облыс республика аумағының 5,3 пайызын немесе 14 миллион 426 мың гектардан астам аумақты алып жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл халық санына шаққанда облыстың әрбір тұрғынына 13,5 гектардан айналады. Өңір аумағының 72 пайызы тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге қолайлы жерлер болып табылады.
Жамбыл облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ілияс Тортаевтың айтуына қарағанда, 2014 жылмен салыстырғанда өткен жылы егістік жерлердің игерілу көлемі 7 мың гектарға ұлғайған. Алайда, облыс аудандарында 62,3 мың гектар егістік жер пайдаланусыз қалған. Мониторинг қорытындысы егістік жерлерді пайдалану көрсеткіші Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында 71-84 пайыздан аспай отырғандығын көрсеткен. Егін шаруашылығы жақсы дамыған аудандар ішінде жердің ең төменгі игерілу көрсеткіші Шу ауданында қалыптасып отыр. Аталмыш ауданда өткен жылы 32 мың гектардан астам егістік жер пайдаланусыз қалған. Басқарма басшысы бұл көрсеткіштер жерді пайдалану мен қорғауды бақылау деңгейінің талаптарына сай еместігін алдыға тартады.
Жер қорын түгендеу жұмыстары да үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңға анықталған жердің 547 мың гектары яғни 93 пайызы қайтарылған. Десек те, алдыңғы жылы жүргізілген түгендеу барысында мәлім болған 43 мың гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет иелігіне қайтарылмай отыр. Атап айтар болсақ, Қордай ауданында – 3, Шу ауданында 40 мың гектар жер мемлекет иелігіне өтуі керек.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz
• 29 Қаңтар, 2016
Жамбыл облысында 62,3 мың гектар жер пайдаланусыз жатыр

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10