ТАРАЗ. 29 қаңтар. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының көптомдық шығармалар жинағының келесі 15 томы дайындалуда. Бұған дейін оның 30 томы жарық көрген болатын. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Аталған оқу орнының баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесі бойынша, көптомдықта қазақтың көрнекті жазушысы, даңқты қолбасшы туралы естеліктер, драмалық шығармалар, арнаулар, поэмалар мен балладалар топтастырылған.
Атап айтқанда, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38 томдарда Б. Момышұлы туралы есімі елге белгілі қаламгерлер, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің естеліктері жинақталған. Олардың қатарында Мамытбек Қалдыбаев, Дмитрий Снегин, Әзілхан Нұршайықов, Тахауи Ахтанов, Тәкен Әлімқұлов, Тұрсын Жұртбай, Мырзатай Жолдасбеков, Бахытжан Момышұлы, Мекемтас Мырзахметұлы, Мұхтар Шаханов, Қасым Қайсенов, Шерхан Мұртаза, Ғабит Мүсірепов, Зейнеп Ахметова, Әкім Тарази сынды азаматтар бар.
Ал, 39 томға Мәлік Ғабдуллинның «Бауыржан Момышулы» атты орыс тіліндегі очеркі берілген. Батыр туралы драмалық шығармалар 40, 41 томдарда. Онда Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы симаған», Жәркен Бөдештің «Жұлдызтас» және өзге де жазушылардың туындылары бар. 42, 43 томдарда жалпы саны 200 арнау өлең топтастырылған. 44 томда поэмалар, 45 томда жыр, балладалар жинақталған.
«Бүгінгі күнде 15 том баспаға толықтай дайын деуге болады. Жалпы, дүниежүзінде Баукең туралы жазылған еңбектер өте көп. Солардың бәрін жинап, аудару қажет. Осыларды реттесек батыр ағамыздың 100 томдығын шығаруға мүмкіндігіміз бар,» - дейді «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарованың қолдауымен орталық бүгінде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатындағы Бауыржан Момышұлымен қарым-қатынаста болған қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар басқа да өнер адамдарының жеке қорларындағы Баукеңе байланысты архивтік құжаттарды жинақтау үстінде.
Айта кетейік, ғылыми орталық Б. Момышұлының мұраларын жинау, зерттеу және басып шығару бағытында жұмыс атқарады. Жуырда «Легендарный батыр» деген атпен естелік кітабы мен «Фотоқұжаттық альбомын» көпшілік назарына ұсынылған болатын.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz

200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Бүгін, 20:12
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Бүгін, 19:56
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 19:11
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Бүгін, 18:59
АҚШ-та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді
Әлем • Бүгін, 18:36
Ұлттық ұланның әскери бөлімінде Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды
Өшпес даңқ • Бүгін, 18:08
Астанада тағы бір көше маусым айының соңына дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 18:00
Мәжіліс депутаты еліміздегі кәсіби мерекелер санын қысқартуды ұсынды
Парламент • Бүгін, 17:55
Әбутәліп Мүтәлі: Жер сілкінісі туралы ескерту қысқа уақыт ішінде жетуі тиіс
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:43
Ресейде қоқыс жәшігінен сәбидің мәйіті табылды
Әлем • Бүгін, 17:35
Қазақстанда шетелдік қаржыландыруды бақылау жүйесін қайта қарау ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:25
Депутат шетелдік гранттардың қай бағыттарға жұмсалып жатқанын көрсетуді талап етті
Парламент • Бүгін, 17:13
Air Astana әуе компаниясының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Оқиға • Бүгін, 16:57
Биыл қазан айында Қосшы қаласында жаңа суперкомпьютер іске қосылады
Президент • Бүгін, 16:48
Өртке қарсы 193-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті құралымы ашылды
Қоғам • Бүгін, 16:44