«Нұр Отан» партиясының XVII съезінде сөйлеген Елбасының сөзін теледидардан көріп, ден қойып тыңдадық. Ұлт Жоспарын іске асыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің білік, білімі мықты, бәсекеге қабілетті, экономикалық сауатты болуы талап етілуі заңды. Әйтпесе, көке, жәкесінің арқасында жақсы мансап алып, шөп басын сындырмай жүргендер де жетерлік.
Облыс басшыларының жеке хандық құрғандай жан-жағымен санаспайтындығы да жақсы айтылды. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында республика бойынша жылыжайлардың 87 пайызы орналасқан. Өнімі Ресейге дейін кетіп жатады. Неге өзге облыстар келісімшарт түзбейді?! Бірінде бар, бірінде жоққа талдау жасап, бірлесе іс-қимыл жасаса, көрші мемлекеттерден ағылып жатқан азық-түліктерге кететін қаржы өз елімізде қалып, өз экономикамызға жұмыс істеумен қатар қымбатшылықтың алдын алар едік. Қазір барлық деңгейдегі әкімдерден ең алдымен бюджет ақшасын қайда жұмсаймын емес, барды бағалай алатын менеджерлік қабілет күтіледі. Ұлт Жоспары бар, «100 нақты қадам» белгіленген, тек іскерлікпен іске асыр.
Нұрсұлтан Әбішұлының «Қазақстанда жұмыссыздық болмауы керек» дегені де көңілге қонды. Елімізде шағын және орта кәсіпке өте оңды жағдай жасалған. Еңбекқор адамдар бүгінде кәсібін дөңгелетіп, үлкен пайдаға кенеліп жатыр. Жақында облыстық кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Мақсат Қарғабаев шаруалар үшін жағымды жаңалық айтты. Бұрын шаруалар жеке кәсібіне несие алғанда 14 пайыздың 7 пайызын мемлекет мойнына алып келген. Енді ауылдық жерлерде жеке шаруашылық ашқан фермерлер 4 пайызбен несие алады екен. Бұл деген нағыз керекті мемлекеттік қолдау ғой.
Облыс әкімдігі мен «Даму» қоры шаруалар мен диқандарға тағы да жеңілдік жасау үшін жоба түзуде. Осының бәрі шын жұмыс жасағысы келген адамға жұмысым жоқ дегізбейді.
Бұл бағытта «Нұр Отан» партиясына үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Елбасы белгілеп берген Ұлт Жоспарын орындай алсақ, бұл қазақтың көсегесі бүгінгісінен де көгереді.
Оңғар ТӘЖИЕВ,
«Қазақстан жолы» газетінің бас редакторы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше