АСТАНА. 30 қаңтар. Еліміздің бірқатар өңірінде қар жауып, бұрқасын болады деп күтілуде. Бұл туралы «қазгидромет» мәліметтеріне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Исландиядан басталып, Арктика теңіздеріне қарай жылжыған циклонның Қазақстандағы ауа райына күшті әсері болады деп күтілуде. Сонымен қатар, осы циклонның атмосфералық аумағында тұрған Республика аймақтарына Атлантикадан жылы әрі дымқыл ауа бірге келмек.
Демалыс күндері барлық облыстарда жылы ауаның әсерінен қар жауып, бұрқасын болады және батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді, ауа температурасы жоғарылайды деп күтілуде. Оңтүстік және оңтүстік шығыста қар жауады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15−25 метрге жетеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, алайда бұл аймақтарда температура төмендейді деген болжам жасалып отыр. Атырау облысында боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15 – 20 метрге дейін барады. Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ, желдің жыдамдығы секундына 15−20 метр. Маңғыстау облысының кей жерлерінде де тұман, көктайғақ, түнде жел екпіні секундына 15−20 метрге дейін жетеді. Ақтөбе облысында жел секундына 15−20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысында баяу жел соғады деп күтілуде.
Алматы облысында тұман түседі. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде, таңертең тұман болады, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15−20 метр болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Қостанай мен Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлері тұманды. Шығыс Қазақстанның кейбір аймақтарына түнде, таңертең тұман түседі.
Алматыда күн ала бұлтты, тұман түсіп, арасында аздаған қар жауады. Ауа температурасы түнде 5-7 градус, күндіз 1-3 градус нөлден төмен. Сол секілді Астанада күн ала бұлтты, түнде цельсий бағамы бойынша, ауа температурасы түнде −18-20 градус, күндіз -10 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Аян Әбдуәли.
Дерек: Қазгидромет.
Сурет: khabar.kz.
• 30 Қаңтар, 2016
Еліміздің бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұрқасын болады

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше