Кеше Астана қаласындағы жауынгер-интернационалистер мемориалы алаңында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толуына орай гүл шоғын қою рәсімі өтті. «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты мен Ауғанстан және жергілікті соғыс ардагерлері одағы бірлесіп ұйымдастырған іс-шараға Ауған соғысына қатысушылар, олардың ата-аналары мен туған-туыстары және «Жас ұлан» әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
Патриоттық шарада Ауған соғысының ардагері, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев Қазақстаннан аттанған жауынгерлердің ерліктерін еске алып, олардың интернационалдық борыштарын абыроймен атқарғанын айтты.
«Ауған соғысының аяқталғанына 27 жыл толғанымен, сол бір зұлмат жылдардың қайғы-қасіреті әлі де болса көптің көкейінде. Себебі, талай отбасын қан жылатқан сол соғыста біреу ұлынан, енді біреу асыл жарынан, ал біреулер әкелерінен айырылды. Сондықтан қыршын кеткен боздақтардың ерліктеріне тағзым етіп, құрмет көрсету – біздің міндетіміз», – деген Б.Ертаев бүгінгі Отан қорғаушылардың сенімді де батыл болуы үшін осындай шаралардың пайдасы зор екенін жеткізді.
Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагері, қоғам қайраткері Бақытбек Смағұл: «Бұл күн – Ауғанстаннан ағылған темір табыттар тоқтаған, аналар көз жасын көл қылып, балаларын жоқтаған күн. Елбасы айтқандай, әр қазақстандық ерлік пен елдікті ұштастырып, еліміздің көркейіп, өркендеуіне еңбек етуі тиіс. Сол себепті, осындай шараларда батыр ұлдарымыздың ерліктерін насихаттап, жастарымызды Отан үшін қанын төксе де, арын төкпейтін патриот етіп тәрбиелеуге ұмтылуымыз керек. Енді ешқашан соғыс болмасын!», – деді.
Өз кезегінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бүгінде елордада мыңнан астам Ауған соғысының ардагері тұратынын, олардың Тәуелсіз еліміздің көркеюі жолында жемісті еңбек етіп жатқандарын жеткізді. Шара соңында Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Айта кетейік, 1979 жылдың 25 желтоқсаны мен 1989 жылдың 14 ақпаны аралығында сан мыңдаған кеңестік әскерилер Ауғанстан жерінде Отан алдындағы борышын өтеді. Олардың қатарында 22 269 қазақстандық болса, солардың 924-і сұм соғыстың құрбаны болды, ал 1015-сі елге мүгедек болып оралды. Ал 21 жерлесіміз із-түзсіз жоғалғандардың тізіміне қосылды.
Еламан ҚОҢЫР,
«Егемен Қазақстан».

29 000 теңге: Қазақстанда FIFA World Cup 2026 монеталары сатылымға шықты
Футбол • Бүгін, 21:49
Кәмелетке толмағандарға электросамокатпен жүруге тыйым салынады
Заң • Бүгін, 21:40
Астанада Жеңіс күніне орай әскери техника көрмесі өтеді
Мереке • Бүгін, 21:12
Оралда жасалған алып кемеге Қонаевтың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 20:45
Қазақстанда депозит мөлшерлемелері 20,5%-ға дейін өсті
Банк • Бүгін, 20:17
Иранда контрабандалық жанармай тасымалдаған бес кеме ұсталды
Әлем • Бүгін, 19:56
Қазақстан мен Тәжікстан одақтастық қатынастарды нығайтуға бағытталған заңды ратификациялады
Президент • Бүгін, 19:10
Болашаққа қадам: №87 мектепте «Profi Day» жәрмеңкесі өтті
Білім • Бүгін, 19:01
Олжас Бектенов: барлық инвестициялық жобалар бірыңғай цифрлық контурда шоғырландырылады
Үкімет • Бүгін, 18:50
Әсем Орынбай стенд атудан жаңа әлем рекордын орнатты
Спорт • Бүгін, 18:35
Өскемендегі жарылыс: Астанадан дәрігерлер көмекке барады
Оқиға • Бүгін, 18:31
Өскемендегі жарылыс: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 17:59
8 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді
Парламент • Бүгін, 17:36
Қарағанды облысында соғыс ардагерлеріне 5 млн теңгеден төленді
Аймақтар • Бүгін, 17:32
Стенд атудан әлем кубогі: Әсем Орынбай алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 17:23