Биылғы сәуір айында Сенатта «Еуразиялық экономикалық одақ және Дүниежүзілік сауда ұйымы жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбында парламенттік тыңдау өтетін болды. Бұл туралы шешім 15 ақпанда болған Сенат бюросында қабылданды.
Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, парламенттік тыңдаулар қабылданған заңдардың іске асырылу барысы туралы жан-жақты және толық ақпарат алып, түйінді мәселелерді терең зерделеуге мүмкіндік береді. «Өткен жылы Ұлт Жоспары шеңберінде ауыл шаруашылығын жандандыруға бағытталған бірқатар заңдар қабылданды. Сол заңдардың орындалу барысы әрдайым депутаттардың назарында болуы қажет. Сонымен қатар, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақтағы және Дүниежүзілік сауда ұйымындағы мүшелігі жағдайында агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі болып табылады», – деді Қ.Тоқаев. Парламенттік тыңдауды өткізуді ұйымдастыру Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетіне жүктелді.
Сенат бюросы жоғарғы палатаның 2016 жылғы 18 ақпанда болатын кезекті отырысының күн тәртібін де келісті. Бюрода, сондай-ақ, Үкіметтен келген заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлінді. Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Адамдардың реадмиссиясы туралы Қазақстан мен Норвегияның үкіметаралық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы бойынша бас комитет болып белгіленді. Ал Қаржы және бюджет комитетіне Қазақстан Үкіметі мен Халықаралық көрмелер бюросы арасындағы Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге байланысты ресми қатысушыларға арналған жеңілдіктер мен преференциялар туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын жүргізу тапсырылды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Медицина • Бүгін, 11:34
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Білім • Бүгін, 11:10