ҚОСТАНАЙ. 16 ақпан. Қостанайда талапкерлерді жыл сайын Ресей жоғары оқу орындары тартып алады. Олар жыл сайын ерте бастан мектептерге келіп, оқушылармен алдын ала жұмыстар жүргізеді. Білім беру саласының кеңейтілген мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев осылай мәлімдеді. Бұл туралы ng.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Кеңейтілген мәжілісте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Камил Ибрагимовтың айтуынша, өткен жылы облыстан 530 түлек шет елдегі жоғары оқу орындарына түскен. Ал облыстағы барлық мектепті 4000-ға жуық бала бітірген. Сала басшысының айтуынша, өткен жылы Ұлттық біріңғай тестіден де түлектер алдыңғы жылға қарағанда көңілдегі көрсеткішке жете алмаған. Былтыр орташа 78,79 балл жинап, республика бойынша 9 орынды алса, алдыңғы жылы төртінші орында болатын.
Ал Ресейдің жоғары орындары ҰБТ нәтижесін есепке алмайды, сондықтан шетелдік оқуға түскісі келетін оқушылар өз білімін бағалату үшін дәстүрлі емтихан тапсыруды қалайды. Сондықтан ҰБТ-ға дайындығы аз оқушылар қалып отырады.
Облыс әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев: «Біз түлектерге бағыт беру жөнінен ресейлік жоғары оқу орындарынан ұтылып қаламыз. Олар қаңтардан бастап, мектептерді аралап, оқушылармен әңгімелеседі.Ал біз бұл жұмысты мамыр айында ғана есімізге аламыз. Ресейге бармаңдар деп айтуға құқымыз жоқ, бірақ біз балаларға біздің елімізде қандай жақсы оқу орындары бар екендігін айтуымыз керек», – деді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қуат Баймырзаевтың айтуынша, енді институтқа педагогикаға бейімі бар түлектерді қабылдау үшін, олар қосымша емтихан тапсырады. Қазақстанның өзге өңірінен келген студенттердің есебінен институтта студенттер саны 17-ден 33 пайызға дейін өскен. Сонымен қатар ректор қостанайлық балалардың Ресей оқу орындарына кетіп жатқан үдерісіне де жұрт назарын аудартты.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Қуат Баймырзаев: «Талапкерлердің ресейлік оқу орныдарына ағылуының кері әсері бар. 2014 жылы шет ел жоғары оқу орныдарынада оқыған 37 000 қазақстандық жастардың 26 мыңы Ресейде оқыды. Олардың басым көпшілігі Ресей азаматтығын алып, сонда жұмысқа орналасты», – деді.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, сурет: ng.kz
• 16 Ақпан, 2016
Қостанайда талапкерлер Ресейдің жоғары оқу орындарын таңдайды

Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19
Ақтау маңында швейцариялық туристер мінген көлік аударылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 12:08
Дубайда тұруға рұқсат алу жеңілдеді
Оқиға • Бүгін, 11:58
Дәрігерлерді даярлаудың жаңа моделі: Оқу мерзімі мен талаптар қалай өзгереді?
Медицина • Бүгін, 11:34
Жылына 7,6 миллион теңге: Қазақстанда оқу ақысы қымбаттады
Білім • Бүгін, 11:10