АТЫРАУ. 16 ақпан. Атырау облысында аңшы қаруын заңсыз сақтаушыға 42 420 теңге айыппұл салынды. Қаруы тәркіленді. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қызылқоға ауданының тұрғыны ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы, ЗК моделді, 16 калибрлі аңшы қаруын тұрғын үйінде заңсыз сақтап келген. Осыған байланысты Қызылқоға аудандық сотында қаралған құқықбұзушыға қатысты әкімшілік іс барысында оның тұрғын үйінде тиісті құжатсыз, тіркелмеген қаруды сақтағаны анықтылды. Мұны құқық бұзушының өзі де растап берді.
Ал облыстық ішкі істер департаменті жедел-криминалистика бөлімінің маманы өз қорытындысында заңсыз сақталған қарудың атуға жарамды екенін анықтап берген. Демек, бұл қарудың заңсыз сақталуы қауіпті екенін байқатады. Осындай жайттар ескерілген аудандық соттың қаулысымен атылатын қаруды заңсыз сақтаушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 482-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ, кінәлінің қаруы тәркіленіп, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі 42 420 теңгелік айыппұл салынды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: kz.otyrar.kz.

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Шаруашылық • Бүгін, 17:00
Мемлекет басшысы тапсырма берді: Айбек Дәдебай немен айналысатыны белгілі болды
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Xinjiang Lihua компаниясының басшысын қабылдады
Президент • Бүгін, 16:25
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ауа райы • Бүгін, 16:16
Қазақстанда декреттік төлемдерге бақылау күшейеді
Қоғам • Бүгін, 16:08
Астанада «Шекарашы балақай» мультсериалы көрсетілді
Елорда • Бүгін, 15:54
ХҚКО тренд үшін неке қию туралы куәлікті жыртпауға шақырды
Қоғам • Бүгін, 15:32
«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Полиция қылмыстық іс қозғады
Оқиға • Бүгін, 15:28
Жылдамдықты сағатына 2 шақырымға асырғаны үшін айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 14:59
Ақтауда мас күйдегі ер адам әріптестерін қарумен қорқытқан
Оқиға • Бүгін, 14:30
Өскеменде жарылыстан кейін ауа сапасы нашарлады ма?
Экология • Бүгін, 14:21
Астанада шілдеден бастап коммуналдық қызмет қымбаттайды
Энергетика • Бүгін, 14:02
Сурдлимпиада жүлдегерлері мен жаттықтырушылары 5,5 млрд теңге сыйақы алды
Спорт • Бүгін, 13:40
ІІМ: Қызметтік иттер көмегімен 50-ден астам кісі өлімі ісі ашылды
Қылмыс • Бүгін, 13:22
Батыс Қазақстанда ағайынды екі жігіт заңсыз есірткі өсірген
Оқиға • Бүгін, 13:01