ТАРАЗ. 17 ақпан. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Жансарай» жастар театры ашылды. Оның актерлері аталған оқу орнының студенттері. Бұл туралы ТарМПИ баспасөз қызметі хабарлады.
Театр өнерпаздары Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасын сахналады. Бұл – театр репертуарындағы алғашқы классикалық шығарма.
Әйгілі Шәмшінің жүрек шымырлатар, сезім серпілтер құдіретті әндері әрбір қазақтың аузында. Сол сұлу әндер өмірге қалай келді? Жалпы Шәмшінің өз тағдыры, өз махаббаты туралы не білесіз? Еріксіз биге жетелеп махаббатпен тебірентер «Сыған серенадасы». Осы бір әнді оятқан сыған қызы Изольда жайлы естігеніңіз бар ма? Ән махаббаты Шәмші тағдырын тоқайластырған Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты поэтикалық драмасы сахнада осы тұрғыда сыр шертіседі. Әуенге толы драма әсерге де толы. «Сыған серенадасы» - театр сахнасындағы шоқтығы биік туындылардың бірі. Оның өресі кең, құпиясы ашылмаған. Вальс королі әйгілі Шәмші рухына бағышталған бұл туынды сазгердің тағдырын бейнелейді.
Театр режисері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Майра Әлімбетованың айтуынша, болашақта махаббат пен достықтың қаншалықты құдіретті күш, ұлы сезім екенін ұғындыратын һәм жұртшылықтың көңіл төрінен орын алған классикалық қойылымдар сахналанбақ.
«Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Студенттер үшін ол театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға түсінуге жол ашады. Бұл театр қойылымдарын кәсіби мамандар емес, студенттер қояды. Бұл – жастардың шығармашылығын шыңдауға үлкен сеп болмақ», деді Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Дария Қожамжарова.
Келген қонақтар қойылым соңынан үздіксіз, ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, шапалақтан шашу шашты. Студенттердің өнерін тамашалауға келген Жамбыл облыс әкімдігі мәдениет басқармасы бастығы Дүйсен Бықыбаев, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының директоры Болат Бекжан және өзге де қонақтар қойылымның жастарға берер тәлім-тәрбиесінің қаншалықты зор екенін айтып, өз ризашылықтарын білдірді.
Қазіргі уақытта театр студенттері «Айша бибі» атты тарихи қойылымға дайындалуда.
Оралхан Дәуіт.
Дерек, сурет: egemen.kz

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады
Әлем • Бүгін, 11:53
Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді
Қоғам • Бүгін, 11:47
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35
Пікір • Бүгін, 11:25
Астанада ет, сүт өнімдерін арзан бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 11:10
Бурятияда қар көшкіні жүрді: Қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматы бар
Қоғам • Бүгін, 10:45
«Абай төсегін жинамаған». Ақын туралы пікір айтқан блогер сынға ұшырады
Оқиға • Бүгін, 10:38
Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Өскемен әуежайы 8,9 млн теңге айыппұл төледі
Оқиға • Бүгін, 10:31
«KEDEN» ақпараттық жүйесі арқылы 5 мыңға жуық заңбұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 10:23
Қызылордада жаңа туған сәбиін сатпақ болған 25 жастағы әйел ұсталды
Оқиға • Бүгін, 10:18
Мирас • Бүгін, 10:15
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:33
Синоптиктер болжамы: Үсік пен ыстық қатар келеді
Ауа райы • Бүгін, 09:24