«Халықтың денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деп жазылған еліміз Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында. Республикалық бюджеттен 1 млрд. 319 млн. теңгеге салынған осы денсаулық мекемесінің жалпы аумағы 7225,7 шаршы метрді құраса, онда 321 әртүрлі бөлмелер, жертөлесінде қоймалар, тоңазытқыштар, қауіпсіздік бөлмелері, гараж, т.б. инфрақұрымдар орналасқан. 5 лифт жұмыс жасайды.
Осы ғимараттың маңында жылу беру орталығы, жедел жәрдем автомашинасына гараждар, автотұрақ, апаттық жағдайлар нысандары, көріктендіру алаңдары орналасқан. Бұл құрылыста 80 адам жұмыс жасады. Айлық жалақылары (ең төменгі шегі) 60-70 мың теңгені құраған. Осы денсаулық мекемесінің ашылу салтанатына арнайы келген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті, жер-жерден келген соғыс және еңбек ардагерлерін жаңа емхананың алдында жұртшылық үлкен мерекелік шыраймен қарсы алды.
– Елбасы Н.Назарбаевтың қамқорлығының нәтижесінде, – деді Б.Ізмұхамбетов, – біздің аймақ қаржы дағдарысының салқынын көп сезіне қойған жоқ. Ондаған мектептер мен сауықтыру орындары жаңадан салынды, күрделі жөндеуден өтті. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасымен жүзеге асқан мына емхананың пайдалануға берілуі аудан халқы үшін зор қуаныш. Елбасы еліміздің ертеңі үшін әркез сергек те сенімді. Емхана құрылысын жүргізген «СВ плюс» ЖШС директоры Сәбит Утебалиевке, сондай-ақ аудан әкімі Абай Иманғалиевқа үлкен алғысымды білдіремін. Олар құрылыстың сапалы әрі мезгілінде бітуіне қамқор болды. Біз аудан халқы үшін бар жақсылықты жасауға тиістіміз.
Келер жылы Жайық өзенінің сол жағалауына газ өткізу жұмыстары басталмақ. Ақсуат пен ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтың кіші отаны – Сайқұдықта орта мектептер салу ісі кезек күттірмейді. Халық қамқорлық құшағынан табыла бермек.
Облыс әкімі жаңа емханаға «Жедел жәрдем» автомашинасын сыйға тапсырды. Салтанатта сөз алған «Шапағат» орденінің иегері, емхана дәрігері В.Плотников, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғ.Лұқпанов халыққа қамқор ел басшыларына үлкен рахмет айта отырып, Президент Н.Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бастамаға қызу қолдау көрсету өздерінің азаматтық борышы екенін атап өтті. Осы емхананы пайдалануға берген «СВ плюс» ЖШС директоры Сәбит Утебалиев аудан тұрғындарын, ел азаматтарын үлкен игілікті істің аяқталуымен құттықтай отырып, символикалық кілтті аурухананың бас дәрігері Дархан Хайрушевке тапсырды.
Салтанатқа қатысушылар жылы, жарық, кең емхана бөлмелерін аралап көрді. Әр бөлмеде орналастырылған жабдықтардың кейбірі АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей елдерімен тату қарым-қатынас негізінде алынып, халық игілігіне айналып отыр. Күндізгі емдеу бөлімі, операциялық үлкен зал, флюрография, рентген, УЗИ, клиникалық және биологиялық зертханалар, физиотерапия, массаж, отоларинголог (ЭКГ, велоэргометр) кабинеттері көздің жауын алады.
Темір ҚҰСАЙЫН. Суреттерді түсірген Медет СҮНДЕТҰЛЫ.
Батыс Қазақстан облысы.

Атырауда жоғалған отбасының қызы мен ұлын іздеу тоқтаған жоқ
Қоғам • Бүгін, 15:50
АҚШ-тың алты банкі 2025 жылы акционерлерге рекордтық 140 млрд доллар қайтарды
Банк • Бүгін, 15:25
Аида Балаева: Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасын төмендетті
Қаржы • Бүгін, 15:00
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады
Қоғам • Бүгін, 14:50
Отандық тауар өндірушілердің тізілімі толықтырылды
Экономика • Бүгін, 13:50
Қаныш Әбубәкіров Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды
Президент • Бүгін, 13:24
Екібастұзда мұз ойылып, суға кеткен балықшылар құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Абай облысында сотталғандар некесін қиды
Отбасы • Бүгін, 12:57
Орталық Азиядағы ең үлкен стадион құрылысының 80 пайызы дайын
Спорт • Бүгін, 12:37
Әзербайжан Германия мен Австрияға газ жеткізе бастады
Әлем • Бүгін, 12:15
Көкшетауда шетел азаматтары отырған автобус жолаушылары эвакуацияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:52
Атырау облысында жоғалған отбасының ұлы мен қызын іздеу тоқтатылды
Қоғам • Бүгін, 11:33
Астана мен Алматыда доллар қаншадан саудаланып жатыр
Қаржы • Бүгін, 11:22
Астанада көпқабатты үйде болған өрттен 8 адам құтқарылды
Төтенше жағдай • Бүгін, 10:23