Шаш, қане, шашуыңды...
Аспаннан айқыш-ұйқыш қар қылаулап, Оттары жаңа жылдың жанды лаулап. Алтайы үміт түлкі қырға тартты, Алаңсыз ақша қарға алды да аунап. Ұлықтап ұлыс күнін мұнша күткен, Қарсы алып халқым жатыр жыр-шабытпен. Оқалап омырауына жұлдыз қадап, Жарқырап шыға келді шырша біткен! Жайғасты жаңа жылым таққа барып, Бұл күні бала да мәз, қарт та қарық. Жастар жүр шырша айналып, шырқай түсіп, Жырларын жаңа жылдың жаттап алып. Аптықпай, кең адымдап алып далам, Болғанша бүгіп сырын, танып ғалам. Келеді күміс күнін көкке өрлетіп, Қыранның қанатымен қалықтаған. Халықпыз қазақ деген жайма шуақ, Көрмеппіз қулық жемдеп, айла асырап. Тоқшылық төңкеріліп тас төбемде, Ығымда ырыс жатыр жайғасып ап. Өзіңе ашты, міне, елім есік, Томпиып тыныштық боп, төріме шық! Жадырап минут сайын маңайымыз, Көркейсін келбетіңе көңіл өсіп. Сарғая күткен еді сайын далам, Шаш, қане, шашуыңды дайындаған! Алланың рахымынан үміт үзбей, Көрейік күніңді есен, айыңды аман. Келдің бе? Тасытып кел тіл мерейін, Қызығын қазынамның бір көрейін. Төріме оз, тосырқамай, төредей боп, Кейкимей, кібіртіктеп кірмедейін. Темірше САРЫБАЙҰЛЫ.Қазақстанда -56 градус аяз тіркелді
Ауа райы • Бүгін, 17:43
Жапонияда теңіз жағасындағы үй 6,5 млн теңгеге сатылымға шықты
Әлем • Бүгін, 17:32
Колумбияда қарулы топтар арасындағы қақтығыста 30 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 17:25
Павлодар облысындағы тасжолда 15 жылқы тиелген жүк көлігі өртенді
Аймақтар • Бүгін, 16:59
18 қаңтардағы валюта бағамы жарияланды
Қаржы • Бүгін, 16:39
Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді
Есірткі • Бүгін, 16:19
Өскеменде су мен кәріз қызметінің бағасы өзгерді
Қоғам • Бүгін, 15:55
Қолдау орталығынан кімдер көмек ала алады?
Қоғам • Бүгін, 15:33
Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 15:12
Ақтауда есінен адасқан 63 жастағы ер адам жоғалып кетті
Қоғам • Бүгін, 14:55
Қазақстан футболшысы Еуропадағы клуб сапында сәтті дебют жасады
Спорт • Бүгін, 14:35
Жамбыл облысында жоғалып кеткен әйел адам аман-есен табылды
Аймақтар • Бүгін, 14:22
Алматы облысында суға шомылу рәсімі өтіп жатыр
Дін • Бүгін, 13:50
Жасанды интеллект туралы заң күшіне енді
Заң • Бүгін, 13:27
«Гренландиядан қолыңды тарт»: Данияда жаппай наразылық өтті
Әлем • Бүгін, 12:59