Купельдер келесі аумақтарда ұйымдастырылады: Қонаев қаласында – 1, Іле ауданында – 6, Талғар ауданында – 7, Жамбыл ауданында – 4, Қарасай ауданында – 1, Еңбекшіқазақ ауданында – 2. Барлық алаңдар ыңғайлы кіріп-шығу жолдарымен, баспалдақтармен, жарықтандырумен, сондай-ақ қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған қажетті құралдармен жабдықталды.
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін еске салады
Суға шомылу өткізілетін орындарда полиция қызметкерлерінің, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің және медициналық қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылды. Іс-шараларды үйлестіруді Алматы облысының Дін істері басқармасы және аудандық, қалалық әкімдіктер қамтамасыз етіп жатыр.
«Құдайға шоқыну мерекесіне арналған суға шомылу рәсіміне барлық ниет білдірушілер қатыса алады. Сонымен бірге, қатысушылар қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы, ауа райы жағдайын және денсаулық күйін ескеріп, суға түсуге алдын ала дайындалуы қажет. Шомылу рәсімі – ең алдымен рухани дәстүр, сондықтан оған қатысу саналы әрі жауапты болуы тиіс», деп атап өтті Алматы облысының Дін істері басқармасының өкілдері.
Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды