АСТАНА. 20 ақпан. Америкалық Virgin Galactic компаниясы саяхатшыларға арналған суборбиталдық SpaceShipTwo жаңа үлгідегі ғарыш кемесінің таныстырылымын өткізді. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұл кеме осыдан бір жарым жыл бұрын апатқа ұшыраған үлгісінің орнына шығарылып отыр. Ғарыш компаниясының иесі британиялық миллиардер Ричард Брэнсон Лос-Анджелеске жақын маңда орналасқан сынақ орталығындағы ұшақ тұрақтардың бірінде мамандарға, журналистерге және Virgin Galactic-тің әлеуетті тұтынушыларына көрсетті.
Сыртқы түрі бойынша кеменің 2014 жылы қазанда Калифорнияның оңтүстігіндегі Мохаве шөлінде ұшу сынағы кезінде қирап қалған бұрынғы үлгісінен еш айырмашылығы жоқ. Зерттеушілер оның апатқа ұшырауына негізінен ұшқыштардың қателігі себеп болған деп отыр. Нәтижесінде олардың бірі қаза тауып, екіншісі жарақат алған.
Virgin Galactic өкілдері, апаттан кейін оның себептері анықталып, тиісті қортындылар жасалғанына және жаңа нұсқасы – VSS Unity атағына ие болған SpaceShipTwo кемесінің қайта құрастырылғанда қауіпсіздіктің барынша сақталғанына сендіріп отыр. Оның көп қызметі енді автоматтандырылған. Бірқатар міндеттерді орындау барысында ұшқышты арнайы орнатылған компьютер сақтандырып отырады.
Құрастырушылар әзріге оның ұшу сынағы қашан болатынын айтпады. Бұқаралық ақпарат құралдарының айтуынша, осы жылдың соңына дейін жүзеге асатын көрінеді. Көптеген АҚШ-тың ғарыш саласының сарапшылары 2014 жылғы Virgin Galactic кемесінің аптынан кейін компания беделі айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді. Олар бұл жобаны ақтап алудың жалғыз жолы жаңа үлгіні сынақтан сәтті өткізу дейді.
SpaceShipTwo тек туристік мақсатқа ғана арналып дайындалады. Саяхатшыларға екі сағат бойы жүз шақырым биіктіктен Жерді тамашалау құны 250 мың болады деп жоспарланып отыр.
Кеме борты екі ұшқыш пен алты жолаушыға ғана арналған деген болжам бар. Осындай жолмен ғарышта болып қайтуға тілек білдіріп отырғандар саны 800-ден асты. Олардың арасында Том Хэнкс пен Анджелина Джоли секілді белгілі актерлер бар.
Аян Әбдуәли.
Дерек, сурет: ТАСС.
• 20 Ақпан, 2016
АҚШ-та саяхатшыларға арналған ғарыш кемесінің таныстырылымы өтті

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43