АСТАНА. 20 ақпан. Таиланд астанасы – Бангкок қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында палуан қыздарымыз қоржынға тағы төрт медаль салды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Жарыстың үшінші күні 69 килода бақ сынаған Эльмира Сыздықова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ол финалға дейін барлық қарсыласынан басым түскенімен, шешуші сында жапониялық Сара Дошоға шамасы жетпеді.
Сонымен қатар, 48 кило салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз Ирина Борисова да күміс медальді мойнына тақты. Ол финалда қытайлық Юнань Сунге есе жіберді.
Одан бөлек, әйелдер күресінен тағы екі жүлдеге қол жеткіздік. Нақты айтсақ, 60 килода сынға түскен Мәдина Бақбергенова мен 75 кило салмақта белдескен Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатының қола жүлдегерлері атанды. Жүлдеге таласта Мәдина Үндістан сенім артқан Сакши Маликтен 2:0 есебімен басым түссе, Гүлмарал өзбек қызы Лалахан Орынбаеваны 10:0 есебімен тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресі палуандарының бәсекелері өткен болатын. Бұл сында қазақстандықтар 1 – алтын, 1 – күміс және 4 қола медаль еншіледі. Атап айтқанда, Досжан Қартықов (75 кг) Азия чемпионы атанса, Асхат Жаңбыров (66 кг) күміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, Мейрамбек Айнағұлов (59 кг), Дархан Баяхметов (71 кг), Асхат Ділмұхамедов (80 кг) және Дамир Күзембаев (130 кг) қола медальді мойындарына тақты.
Аталған сайыс 21 ақпанда аяқталады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: facebook.com.
• 20 Ақпан, 2016
Күрес түрлерінен Азия чемпионатының 3-күні қоржынға 4 медаль түсті

Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10
Чехия Қазақстаннан мұнай мен газ сатып алмақшы
Экономика • Бүгін, 11:51
Ресейде әйел сәбиін пышақтап, қоқысқа лақтырып жіберген: Қылмыстық іс қозғалды
Оқиға • Бүгін, 11:47
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:43